• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 25 Маусым, 2019

Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік еңбекақысын Арыста зардап шеккендер қорына аударады

320 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жеке көмек беруді ұйғарды. Ал Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына аударатын болды» деп жазды Берік Уәли.