• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Маусым, 2019

Қ. Тоқаев Гитанас Науседаны Литваның Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

1266 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаға Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Мемлекеттеріміз арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастардың одан әрі жалғасатынына, халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Литва халқына бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар