Братиславада өткен финалдық бәсекеде Финляндия мен Канада хоккейшілері кездесті. Әлемдік рейтингте көшбастап тұрған Канада хоккейшілерін 1:3 нәтижесімен жеңген Финляндия құрамасы биылғы чемпионаттың бас жүлдесін жеңіп алды. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Ресей спортшылары Чехия құрамасын буллит сериясында 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдені қанжығалады.
Айта кетейік, хоккейден келесі жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысады.