• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Мамыр, 2019

ҚР Х-шы жазғы Универсиадасының ашылуына арналған «AQTÓBE RUN - 2019» ашық марафоны өтті

898 рет
көрсетілді

Бүгін күні алғаш рет Ақтөбе шаһарында Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған жеңіл атлетикадан «AQTÓBE RUN - 2019» ашық республикалық марафоны өткізілді. Қаламыздың төрінде орын алған марафонның ерекшілігі оған басқа аймақ тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуға мүмкіндік алды.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, спорттық жарыстың қатысушыларын құттықтады. Сондай-ақ, тұрғындарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды.

«AQTÓBE RUN - 2019» марафонының 500-ге жуық қатысушылары өңірдің орталық көшелерін 5 және 10 км шақырым бойынша жүгіріп өтті.

Дүбірлі дода барысында әртүрлі жас дәрежесіндегі спортшылар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш марафон биылғы жылдан бастап ҚР Х-шы жазғы Универсиадасының бағдарламасына енгізіліп, Ақтөбе қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Ал жыл сайынғы дәстүрлі марафон 8 маусым күні өткізіледі деп жоспарланып отыр.