• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Мамыр, 2019

Ертең Аманкелді Таспиховтың сайлауалды штабы ашылады

955 рет
көрсетілді

12 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың республикалық қоғамдық сайлауалды штабы ашылады.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым республикалық қоғамдық сайлауалды штабына жетекшілік етеді. Сондай-ақ, штаб құрамына кәсіподақ ұйымдарының басшылары, беделді ұлттық сарапшылар, ғылым қайраткерлері, кәсіби заңгерлер және «Келешек» жастар қозғалысының белсенділері кірді.

Орталық штаб еліміздің барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ашылған аймақтық қоғамдық штабтардың жұмысын үйлестіреді.