• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Мамыр, 2019

9 жасар Сабина Қайрат «Әлемнің кішкентай аруы» атанды

1193 рет
көрсетілді

Түркияда өткен халықаралық «Universе Beauty-2019» әдемілік және дарындылар фестиваліне ақмолалық Сабина Қайрат және оның 5 жастағы інісі Дінмұхаммед қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалар өткен жылы «Бірінші Азия вице-аруы» және «Қазақстанның кішкентай мистері» атанған соң осы конкурсқа қатысуға сертификат алған еді.

«Сабина сахнаға ұлттық киіммен шықты, дарындылар шоуына, сондай-ақ дизайнерлік көрсетілімдерге қатысты. Ол Көкшетаудағы  «Реверанс» клубында спорттық бал билерімен айналысады. Содан да болар, жанкүйерлерге  «Румба» және «Самба» билерін көрсетті»,-дейді бүлдіршіндердің анасы Лейла Рахимова.

9-10 жас дәрежесінде Сабина  «Mini Miss Universe» («Әлемнің кішкентай аруы») титулының жеңімпазы атанды, сондай-ақ үздік биі үшін диплом еншіледі.

5 жасар Дінмұхаммед Қайрат «Best photomodel Universy Beauty» титулының иегері атанды. Оның да биі үздік болып мойындалды.

Аналарының айтуынша, жас жеңімпаздар енді маусымда Вячеслав Зайцевтің конкурсына, ал күзде Пьер Карденге - Парижге шақырту алған.

Авторы: Оксана Матасова