DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әзірге Шавкатқа қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Біз келесі жылға дайындалып жатырмыз. Келесі қарсылас ретінде бірнеше нұсқа бар. UFC бұл мәселелерге өз көзқарасымен қарайды. Көрерміз, қалай болатынын. Бастысы — біз жекпе-жекке дайын болуымыз керек», — деді Эдуард Базров.
Ол жартылай орта салмақта өте мықты спортшылар көп екенін де алға тартты.
«Мысалы, Шон Брэди, сондай-ақ Усман, Белал, Иэн Гэрри, Бакли бар. Бір өте күшті камерундық жігіт бар, есімін ұмытып тұрмын, ол да қауіпті. Ұйым кімді ұсынатынын көреміз, бірақ кез келген қарсылас біз үшін қызықты болады. Өйткені жартылай орта салмақ — ең бәсекелі дивизион. Мен атаған кез келген спортшы чемпион бола алады», — деп толықтырды сөзін бас бапкер.