• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2019

Регби-7: Қазақстан әйелдер командасы әлемдік серияның іріктеу сынына қатысады

604 рет
көрсетілді

4-5 сәуір күндері Гонконгта регби-7 спорты бойынша әйелдер арасындағы әлемдік серия турниріне іріктеу сыны өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Қазақстан әйелдер командасы да аттанып кетті.  Біздің құрама Аргентина, Бразилия және Польшамен бірге С тобына түскен.  Жарысқа жалпы есебі 12 команда қатысады. Топтық кезең қорытындысы бойынша 8 үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алмақшы.  Турнир жеңімпазы регби-7 бойынша өтетін әлемдік серияның келесі маусымына еш іріктеусіз қатысатынын еске саламыз.