• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2011

Үшем келді өмірге

415 рет
көрсетілді

Қапшағайдың шығысындағы За­речный ауылында Павел мен Любовь Широкшиндер «шикі өкпеге» зар болып, көп жыл Жаратқанға жалба­ры­нумен болған еді. Екеуі де «Кнауф Гипс Қапшағай» зауытында еңбек етіп, алдағы күндерінен үміт күтсе, ол алдамады. Көгілдір көктемде ай-күні жеткен Любовь Алексеевна өмірге әрқайсы­сының салмағы 2,5 кило болатын екі қыз, бір ұл әкеліп, шаңырақтары шаттыққа толды. Ауыл әкімі, зауыт басшылары ерлі-зайып­тыларға құтты болсын айтып, нәрестелерге қажетті қаржылай көмекпен қатар жаялық, балалар тағамын әкеліп, қуаныштарына ортақтасты. Енді отбасының тұрғын үй мә­селесін шешу жағы да қарастырылуда. Күмісжан Байжан. Алматы облысы.