• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Сәуір, 2024

Түркістанның тұрғыны әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды

78 рет
көрсетілді

Түркістандық әпкелі-інілі Рысқұлбековтер Меккеге бару үшін велосипедпен жолға шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Turkistan телеарнасының мәліметінше, олар кеше Төрткүл ауылынан шыққан. Жолдарына шағын азық пен қалың киімдер ғана алып, велосипедке тиеп кете барыпты.

Олардың айтуынша, қасиетті мекенге осылай жаяу бару керектігі туралы Алладан аян келіпті.

Рысқұлбековтер шамамен екі айда Меккеге жетеміз деп отыр. Олар жай бара салғаннан, еңбекпен, қиындықпен жетеннің сауабы мол дейді.

Сондай-ақ, көрген кісілер де аман-есен жетулерін тілеген. Желі қолданушылары олардың әркетін құптаған.

«Осы дұрыс сияқты, бару жолы әділ қиындықтармен. Қазіргі кезде барып жатқандар ылғи шоу қылады, табыс көзі болып жатыр», - деп пікір қалдырған видеоға қатысты.