Пікірлер .
Әлем болып күресіп, әлі келмей жатқан бір мәселе бар. Бұл – бесіктен белі шықпағандардың жастайынан темекіге үйір болуы. Келешекте қос өкпесі күркілдеген шылымқорлар да, денсаулығы дімкәстар да осылардан шығады. Болашақты қорғап, темекіні қойдыру үшін мемлекеттер, халықаралық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар түрлі қадамдарға барып жатады. Бірақ түбегейлі халқына темекіні тастатқызған ел бар ма?
16 Шілде, 2021
Өзімізді өзіміз тонап жүрміз...
Кейде қырық жыл бұрынғы естіген бірауыз сөз немесе бір ғана оқиға есімізден шықпай, етегімізге жармасады да жүреді. Себебі бізді ойға батырып, қыр соңыңнан қалмайтын сәттерді жаңғыртып тұратын жайттар бар. Бұл оқиғалар біздің тікелей тіршілігімізге қатысты екені даусыз.
21 Маусым, 2021
Адам өзін өзі тонай ма? Қарапайым қисынмен түсіндірсеңіз де, тереңге тартсақ та, алдымен кісі өзін тонайды. Уақытымызды тонаймыз. Қалатұғын сай үшін, өлетұғын тай үшін денсаулығымызды, көңіл күйімізді, иманымызды тонаймыз. Бірақ қанша тонасақ та тоймаймыз. Арамызда ақшасынан басқа дымы жоқ кедейлер көбейіп барады. Бұлар – кедейдің де кедейі.
20 Мамыр, 2021
Бір күні ерлі-зайыпты шымшықтардың ұясында ұрыс шығып шоқысып қалыпты деседі. Олардың күңкілдесіп жатқанын аң мен құстын тілін түсінетін Сүлеймен патша есітіп тұрды. Ұрғашы шымшық «күйеуінің» айтқанына көнбей, қашып жүрген көрінеді. Сонда кіжініп тұрған еркек шымшық жүндерін күдірейтіп: «Егер мен қаласам, Сүлеймен патшаның сәлдесін шешіп алып, теңізге лақтырып жіберем. Сен маған қарсы келетін кімсің?» деп айқайға салып жатыр дейді.
02 Сәуір, 2021
Әр үйде әке патша болмаған соң...
Қазір әлеуметті әрі-сәрі әңгімелерге жетелеп, қоғам пікірін қырық пышақ қылып қойған мәселелер көп-ақ. Айтыса-айтыса, ешқашан ортақ мәмілеге келе алмайтындардың уәжіне құлақ салсаңыз, ананікі де дұрыс, мына кісінікі де жөн сияқты. Отбасындағы озбырлық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік сияқты түрлі әділетсіздіктерден бөлек, жаратқанның ырқына, өз жынысына қарсы шыққандардың бастамасын кім тыймақ?
26 Наурыз, 2021
Жастар денсаулығы туралы «шындық»
Дөңгелеген дүниенің келешегі жастардың қолында болса, ол болашақтың жарқын болуы желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен біліміне байланысты екенін білеміз. Ұлттың енді бір буын алмасқаннан кейінгі болмысы бүгінгі жасөспірімдердің тәрбиесі мен денсаулығына тәуелді болып қалатынын осы мәселемен тікелей айналысатын халықаралық ұйымдар ұдайы айтып келеді.
03 Ақпан, 2021
Ойпырым-ой, ата-бабаларымыздың түсіне де кірмеген аста-төк бір керемет той болып жатыр. Дәулетті әулеттің дастарқанында не жоқ?! Бабымен піскен балық, қуырылған тауық, сыймағандықтан табақтың сыртына шынжырдай асылған қазы-қарта, талантты қылқалам шеберлері салған натюрморттай жемістердің түр-түрі. Тіске басардың бәрі – аспаздық өнердің шыңы сынды. Мейрамхана да сәні келіскен салтанатты, құдды патша сарайы ма дерсің!
13 Қаңтар, 2021
Кейде тіршіліктің күйбеңінен қажып жүрген күндерде мені бір біріне ұқсайтын бірнеше оқиға ұдайы ойлантушы еді. Өйткені қазір қоғамда қара жұмыс істемей-ақ шаршап, діңкелеп жүрген адамдар өте көп. Ойдан уайым-қайғыға, күйзеліске түскендерді жиі ұшырататын болдық. Мұндайда соның барлығы не үшін деген сауалдың туары анық қой?!
30 Қыркүйек, 2020
Әлемді жайлаған індеттің енді қандай «сыйы» бар екені бізге беймағлұм. Ал «екі апталық» карантин режімі ұзара келе міне, алтыншы айға ұласты. Медицинасы қарыштап дамыды деген елдердің өзі бүгінде алаң күй кешіп отыр. Дүние дағдарып, дүрдараз болып келген мемлекеттер бұл мәселеде мәмілеге келуге мәжбүр, қитұрқы кеселдің емі мен екпесін қосыла іздеп жатыр.
07 Тамыз, 2020
Он адамның сегізі сенбеді. Неге?
Алматы арқылы Қазақстанға індет кірген күннен бастап, медицина тақырыбына қалам тербеуге ұмтылған бізден маза кеткен. 13 наурыздан бері бір күн де дамылдаған жоқпыз десек, әсіресөз емес.
01 Шілде, 2020
Денсаулықты былай қойғанда, дәл осы күндері індет өзімен ілестіріп әкелген жапсарлас мәселелер жеткілікті-ақ. Жаһанды уысынан қашан шығаратыны белгісіз «жендет вирус» жеңілгенше, онымен байланысты жағымсыз жайттар, жалған ақпараттар, таптаурын түсініктер толастамақ емес.
16 Сәуір, 2020
Ақылмандар, адам мінезі-құлқының ұңғыл-шұңғылын зерттейтін психологтар, түрлі қиыншылықты жеңуге көмектесетін тренингтер қаптаған заманда кісі өзіне неге қол салады? Құдайым-ау, ғаламторды ашып қалсаң да өміріңді ғажап ететін кеңес атаулының қаншама түрі алдыңнан шығады.
13 Наурыз, 2020
Мұның соңы шетелден келген қонақтардың елімізге деген сеніміне селкеу түсіретінін көріп жүрміз. Неге дейсіз ғой. Тарқатып айтайық.
29 Қаңтар, 2020
Соңғы жиырма жылдың көлемінде медицинаның экстракорпоральді ұрықтандыру саласы айтарлықтай дамығанымен, бедеуліктің күн өткен сайын көкейкестілігі көтеріліп келеді. Ендігі жерде отасқан жастардың ширекке жуық бөлігі дер кезінде өз денсаулығымен перзент сүйе алмауы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ) ғана алаңдатып отырған жоқ, белсіздік пен бедеулік – медициналық қана емес, әлеуметтік мәселенің біріне айналды.
07 Қараша, 2019
Соңғы кезде атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көзқарастары қабыспайтын тараптардың пайда болғанын байқап отырмыз. Халықтың әлеуметтік масылдығы туралы да, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы да екіұдай ой, түрлі пайым бар.
27 Қыркүйек, 2019
Биыл мемлекеттік білім гранттарына ие болған түлектердің тізімі ерте анықталғанын және оқу гранттарының саны бұрынғы жылдарға қарағанда көп болғанын білеміз. Әдетте, жылда мұндай мезгілде ата-аналардың көңілі алаң, абитуриенттердің де жүрегі күпті болып жүретін.
09 Тамыз, 2019
Адамгершілікке зәру мамандықтар
Әлмисақтан күйбеңі көп, енді күйзелісі көбейген тіршіліктегі мылтықсыз майданда ендігі жерде тек түсіністік пен имандылық қана бір мәнге бөлей алатын шығар?!
31 Шілде, 2019
Әлеуметтік желілер: сөз бен көз
Өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелген әлеуметтік желілерден адам баласы жеріп болғанша, оның бізге беретін пайдасы мен зияны қаншалықты болмақ? Онсыз да күрмеуге келмейтін қысқа өмірде ешқашан қайтарып ала алмайтын алтын уақытымызды ұрлап, сағаттар бойы өзіне байлап-матаған виртуалды әлемнен адам баласы қай кезде бас тартады?
18 Шілде, 2019
Анайы әзіл мен шынайы қалжыңның шекарасы
Сөздің парқын тәрк етіп, бейәдеп әзілдерді сахна төріне шығару қай кезде, қандай сайқымазақ әртістерден басталды? Күлдіремін деп, телевизияны бүлдірген үрдістің бастауында кімдер тұр?
09 Шілде, 2019
Бәрі де осы жүйке дегеннен шығады. Алматыда қазір жүйкесі ең жұқарғандар да, әділетті және әділетсіз айыппұлдардан шаршап жүргендер де – жүргізушілер. Жолақты басып кетсең де – айыппұл, көше шетіне тоқтасаң да – айыппұл, қыл аяғы камера алдында «құлағыңды қасысаң» да айыппұл төлейсің.
02 Шілде, 2019