Қзаақстан
Саясат • 01 Қараша, 2023
Макрон Қазақстанға қандай себеппен келе жатыр?
Бүгін, 1 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. Мемлекет басшыларының кездесуінен кейін қос елдің қарым-қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін? Осы және өзге де өзекті мәселелер туралы Egemen.kz kazinform материалына сілтеме жасап хабарлайды.