Соңғы жаңалықтар
Бокс • 06 Қыркүйек, 2017
Қанат Ислам мен Брэндон Кук баспасөз жиынын өткізді
Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жекпе-жегінің баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Н.Назарбаев: «Польшамен ынтымақтастықты дамытуымыз керек»
Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданың қатысуымен Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтті.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
«ҚазАқпарат» Иранның танымал ақпарат агенттігімен меморандумға қол қойды
Бүгін Ислам республикасы Ақпарат Агенттігі (ИРНА) мен «ҚазАқпарат» Халықаралық Агенттігі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына барды
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына барды. Сапардың басты мақсаты – «Өңірлерді дамыту-2020», «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы сияқты негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен және Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысу.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО алаңында Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық күні өтті
ЭКСПО алаңында Біріккен Араб Әмірліктері ұлттық күнін өткізді. Енді жаһандық көрме 2020 жылы Дубайда өтеді. Сондықтан арабтар өздерінің Астанадағы халықаралық шараға қатысуын сол айтулы күнге дайындықтың басы деп есептейді.
Білім • 06 Қыркүйек, 2017
Павлодар мектептеріне бес күндік оқу жүйесі енгізіледі
Павлодар қаласында барлық жалпы орта білім беру мектептерінің 1-11 сыныптары бес күндік оқу режиміне көшеді, деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Қазақстан-Польша бизнес форумында 10 меморандумға қол қойылды
Астанада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтіп жатыр. Іс-шараға 450-ге жуық бизнес өкілі, соның ішінде екі елдің жетекші компанияларының басшылары қатысуда. Форум барысында Қазақстан мен Польша компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы 10 құжатқа қол қойылды.
Президент • 06 Қыркүйек, 2017
Н.Назарбаев: Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Дудаға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Қызылордада АЭК республикалық жаттығуы басталды
Қызылордада аймақтық энергетикалық компаниялардың (АЭК) жедел-жөндеу қызметкерлерінің кезекті республикалық кәсіби-техникалық оқу-жаттығуы басталды. Шараға Қазақстанның 10 облысынан командалар қатысуда.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Қазақстан мен Қытай мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығын атап өтуде
Ақтөбеде Қазақстан республикасы мен Қытай халық республикасының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин мен CNPC корпорациясының вице-президенті Ван Дун Цзинь қатысты.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Астана әкімдігі 8 мыңнан астам бос орындар ұсынады
Бос жұмыс орындарының мәліметтер базасы күн сайын жаңартылып тұрады: қазіргі уақытта мыңдаған жұмыс берушіден 8 343 орын бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Солтүстікқазақстандық спортшы паралимпиялық марафонда топ жарды
Паралимпиялық ойындарға қатысушы Олег Сысолятин Астанада өткен ірі халықаралық марафонда алтыннан алқа тақты.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Түркістандық 480 отбасы баспаналы болды
Түркістан қаласында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты 8 үй ел игілігіне тапсырылды. Бұл күні баспана кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектер және жалғыз басты аналар сынды 480 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Инфографика • 06 Қыркүйек, 2017
Электр эенергетикасы саласында жаңа инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу
Суға батқан троллейбустан 20 адамды тірі алып шыққан аңыз адам
1976 жылдың қоңыр күзі. Нақтырақ айтсақ, қыркүйек айының 16-сы. Биыл Ереванға күздің ызғары ерте түсті. Жылдағыдай қыркүйекте тамылжып тұратын, жайма-шуақ атымен жоқ. Қаланың сұрғылт көшесіне көктегі мақта бұлт құлап түскен бе дерсіз, қаптай жайылған бозғылт тұманның арасынан қала көліктері әупірімдеп жол тауып асықпай жылжиды...
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Кешегі кеңестік кезеңдегі әскери газеттер мен журналдарда «ықтимал соғыс аймағы» деген сөз тіркесі болды. Бұл сол уақыттағы КСРО-ны үлгі тұтқан дамушы елдерге АҚШ-тың маза бермей түртпектеуі, оған Кеңес одағының ара түсуі сияқты әрекеттерге байланысты айтылатын. Мәскеудегі оларға, яғни, Ангола, Египет, Вьетнам, Сирияға жанашырлық танытуының бір түрі гуманитарлық көмек еді. Бірақ сол желеумен ондай жерлерге кеңес әскерінің жасырын түрде апарылғанын бертінде біліп жатырмыз ғой. Олардың арасында қазақ ұландары да болған. Соның бірі – 1962 жылы Қарағандыдан Мәскеуге міндетті әскери борышын өтеуге аттанып, 1964 жылы Кубада қаза тапқан Элс Мұхатов. «Барлық оқиғаның мән-жайын інісі Қуаныш ақсақал біледі», – деді бізге облыстық әкімдік қызметкері Нұржан есімді жігіт. Осы бауырымыздың берген мекенжайы бойынша қала іргесіндегі Пришахтинскіге келдік. Ондағы 23-үйдегі 4-пәтердің есігін қақтық. Ақсақалмен амандасып, шаруамызды айтқаннан кейінгі әңгімеміз былайша өрбіді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Машина жасаушыларды не мазалайды?
Орал қаласында «Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ өнеркәсібіне арналған машина жасау кіші кластерін дамыту» тақырыбында форум болып өтті. Форум аясында облыстың әлеуетін көрсететін отандық өндірушілер көрмесі ұйымдастырылып, оған мұнай-газ саласы үшін машина жасау кіші кластеріне қатысушылар, облыстың мұнай-газ, машина жасау салаларында қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындар, өңірдегі университеттер мен колледждер өз өнімдерінің тұсаукесерін өткізді.
Әлем • 06 Қыркүйек, 2017
Қытайды отбасы саясаты алаңдатады
Отбасы тақырыбы Қытай үшін бас ауыртар мәселеге айналғалы қаша-а-ан! Әуелі, шығыстағы көршіміз халық санының өсуін баяулатамыз деп «бір отбасы – бір бала» бағытын берік ұстанған-тұғын. Дегенмен, оның өміршең жоспар емес екенін түсініп, былтырдан бастап екінші бала өсіруге рұқсат берді. Кейінгі жылдары Қытайды толғандырған тағы бір мәселе туындады. Жастар шаңырақ көтеруге құлықты емес.
Әлем • 06 Қыркүйек, 2017
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің Түркі әлеміне әсері
Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын қарпіне көшу жөнінде жариялаған болатын. Президенттің бұл қадамын түркі әлемі жылы қарсы алды. Соның нәтижесі шығар, таяуда Түркияның Daily Sabah басылымында «Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің Түркі әлеміне әсері» атты мақала жарық көрді. Соны ықшамдап оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әлем • 06 Қыркүйек, 2017
Мьянмадағы жағдай тынышталар емес. Шетелдік медиа өкілдеріне сүйенсек, жүз мыңға жуық рохинжа өз елін тастап қашқан. БҰҰ бастаған бірқатар ұйым өкілдері мен мемлекет басшылары Мьянмадағы жағдайға алаңдайтынын жеткізді.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Атом қаруы адамзатқа ортақ қатер
«Үсті-бастарын күйік шалған, қолдары мен бет терілері, шаштары жидіген, есеңгіреп қалған адамдар басы ауған жаққа қарай мақсатсыз, мәңірген күйде кетіп бара жатты. Қолында бұқтырылған тамақ салынған қалбыры бар бір әйел біздің қасымыздан өте беріп тоқтады да анамнан қалбырды ашып беруін сұрады. Сосын қалбырдағы тамағын жүре жеп, үнсіз кете барды. Оның сол сәттегі аса аянышты түр-сықпыты жадымда мәңгі қалып қойды» деп еске алады Хиросимаға тасталған атом бомбасының салдарын көзбен көрген тірі куәгер Мимаки Тошиюки.
Күш атасы Қажымұқан өз қолымен толтырған өмірбаянында Ақмола облысында дүниеге келгенін жазады. Оған дау жоқ. Алайда, Отырар ауданы, Шілік ауылдық округі Ақтөбе елді мекенінде дүниеге келді деген сөз ертеден айтылып келеді.
Театр • 06 Қыркүйек, 2017
Астанада жас режиссерлер фестивалі өтіп жатыр
Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Қазақстан театрлары ассоциациясы ұйымдастыруымен жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I Республикалық форум-фестивалі өтуде.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2017
Ұлы Даланың қай өңірін алсақ та ата-бабаларымыздың іргелі іздерінің, толқымалы тарихының табы жатыр. Биылғы жылы қазақ халқының біртуар дана перзенті, аса ірі мемлекет қайраткері Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың 350 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтуде.
Театр • 06 Қыркүйек, 2017
...Ол кіріп келе жатқанда театрға жан бітетін. Тастай қатып тұрған театр ғимаратының тамырларына қан жүгіріп, рухы көтеріліп, сахнасы саңқылдап сөйлеп тұратын. Өйткені, кіре сала үстіңгі қабаттағы өзінің кабинетіне емес, қасиетті сахнасына баратын.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
Қызылжар өңіріне талай шетелдіктер келіп жүр ғой. Жапониялық саяхатшы Накаджима Джунджи олардың біріне де ұқсамайды.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
Осыған дейін 63 мәрте өткізілген жаһандық көрме бір-біріне ұқсамайтын идеялық және экспонат бірегейлігімен есте қалды. Ауқымы жағынан алдына тек Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатын ғана салатын ЭКСПО көрмесі бүкіл посткеңестік аймақта тұңғыш рет Қазақстанда өткізіліп отыр. Бұл елге деген сенім квотасы мен Елбасының әлем алдындағы беделін тағы бір айқындаған мерейлі қадам екені даусыз.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО көрмесінің соңғы аптасындағы қызықтар
ЭКСПО алаңында Қазақстанның «Нұр Әлем» сферасынан басқа, еліміздің жетістіктерін көрсететін екі тақырыптық павильон бар. Мұнда да ешқандай мемлекеттен қалыспайтын небір қызықты жобалар қойылған.
Жедел де қауіпсіз көлік жүйесі
Астана қаласы күннен-күнге көркейіп, қанатын кеңінен жайып барады. Қала үлкейген сайын көшелерде жүретін қоғамдық көлікке қойылатын талап та, сұраныс та еселей артып келе жатқандығы заңды.
Футбол • 06 Қыркүйек, 2017
Жеңіле-жеңіле жанкүйерден де ұят болды
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз өтіп жатыр. Жеңілістен көз ашпаған біздің елдің футболшылары өз тобында көш соңында келеді. Бұрнағы күні Польша құрамасымен күш сынасқан Қазақ елінің командасы тағы да ірі есеппен жеңіліп қалды.