Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Шығанақ жолымен немесе тары өсіру дәстүрі жалғаса береді
Ақтөбенің ақ тарысының бұрынғы даңқын қайта оралтып, оны шын мәніндегі бренд деңгейіне дейін көтеру жөнінде Ақтөбе облыстық әкімдігінде де тың іс-шаралар кешені белгіленгені де көңілге үлкен медеу.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Рухани тәуелсіздікке жеткізетін қадам
Жыл соңына дейін талқыланатын, жұрт талқысынан өткен соң ғана қабылдануға тиіс қазақ жазуының латын графикасына негізделген нұсқасы жайлы пікір алмасу басталып кетті.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Өркениет ағымына жетелейтін тарихи шешім
Қазақ елі рухани-мәдени мұрасын өзгелерге танытып, әлемдік қауымдастық алдында дербес мемлекет ретінде мойындатып отырған қазіргі тұсында мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесін Елбасымыз дер шағында көтеріп, оны Парламент Мәжілісі көп күттірмей талқыға салып, ел ішінде жаппай қолдауға ие болып отырғаны көңіл қуантады.
«Харви» дауылы және мұнай бағасы
Американың мұнайлы өңірлеріне үлкен зардап әкелген табиғи апаттар әлемдік рыноктағы мұнай бағасының тұрақтануына оң ықпалын тигізетін түрі бар. Соңғы уақытта АҚШ-та мұнай өндіру көлемінің артуы және оның қорының ұлғаюы әлемдік нарықтағы мұнай бағасының күрт құлдырауына әкеліп соқтырған еді.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Балалардың демалысы бақылаусыз қалмасын
Бүгінгі таңда балалар арасындағы жарақат алулардың көбейіп бара жатқаны жұрттың бәрін де толғандырып жүр. Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы деректеріне қарағанда олардың саны 162 399 болса, 2016 жылдың деректеріне қарағанда 9,8 пайызға артып, 178 360 жеткен. Бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 16 мыңға артты деген сөз.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Үлгіліден үйренуге асық болайық
ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығы басталар тұста Қазақ елі ұлы бетбұрыстың алдында тұр. Және бұл бетбұрыс бұған дейінгілерден ғаламат! Өйткені біз дәл қазір болашақ әлемдегі Қазақстанның орнын сайлап жатырмыз. Ол орынның қандай болатыны басқа емес, сіз бен біздің бүгінгі таңдауымызға байланысты болмақ.
Парламент • 22 Қыркүйек, 2017
Зейнетақы қорының қаражаты қайтарылады
Үстіміздегі жылдың мамыр айында Мәжілістің «Халық коммунистері» фракциясының Айқын Қоңыров бастаған мүшелері Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевқа депутаттық сауал жолдап, Зейнетақы қорынан Әзербайжан халықаралық банкінің (ӘХБ) облигацияларын 250 млн долларға алғанын, ал 2017 жылғы ақпанда Moody`s халықаралық кредиттік агенттігінің деректері бойынша ӘХБ-ның рейтингі теріс болжамды «В1» деңгейіне дейін төмендегенін, сондықтан БЗЖҚ-ға облигацияға салынған қаражатты қайтару қалай шешілетініне алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдаған еді.
Өткен уақыт қайтып оралмайтын есіл өмір екенін көңіл күйдің аумалы-төкпелі қилы-қилы шағында ойласаң – шырғалаңы көп кермек шындықтар санаңды шарлай жөнелетіні несі екен. Желтоқсан көтерілісінен кейін Мәскеу газеттері жалпақ жалғанға жария қылған қазақ ұлтшылдығын идеялогияландырылған бояумен баттастыра қалың көрсеткеніне өзге тұрмақ өзің иланып, орнынан алынған сол кездегі биліктің кінәсі қорытылған қорғасындай салмақты сияқтанды. Ендеше, жазасын құдай өзі берсін дегеннен артыққа бармай назаланған сезімге қорыну қосылып, сілейген қалпы отырасың да қоясың.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2017
БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Қазақстанның халықаралық істердегі рөлін жоғары бағалады
БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Мирослав Лайчак Қазақстанның халықаралық істердегі, әсіресе қарусыздану және жанжалдарды реттеу мәселелеріндегі сындарлы рөлін жоғары бағалады, деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2017
Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының жетекшісі – Қазақстан
Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы – ТМД елдеріндегі әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіретін серіктес ұйым. Қазақстан осы қауымдастыққа төрағалық ету құрметіне ие болды. Мұны Астанадағы «ЭКСПО-Конгресс» орталығында «Әлеуметтік аударымдар – еңбекпен қамтылған халықтың сенімді әлеуметтік төлемақысы» тақырыбында өткен республикалық семинар барысында Халықаралық әлеуметтік сақтандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски жеткізді. Айта кету керек, бұл қауымдастыққа 150-ден астам ел мүше.
ЭКСПО-2017 • 22 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО технологиялары білім саласында қолданылады
Кеше Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ғылыми-зерттеу институтының мамандары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған тың технологиялар мен үздік жобаларды еліміздің білім саласына енгізу жөнінде әңгіме өрбітті.
Парламент • 22 Қыркүйек, 2017
Сербиямен қатынас құжаты қаралды
Қазақстан мен Сербияның құқықтық мәселелер жөніндегі 2016 жылғы 24 тамызда Белградта жасалған шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Президент • 22 Қыркүйек, 2017
Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады
Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақ жазуының латын әліпбиіне өтуі туралы шешімге байланысты келіп түскен хаттар мен жеделхаттар туралы хабарлады.
Президент • 22 Қыркүйек, 2017
Елбасы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады
Елбасы Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Президент • 22 Қыркүйек, 2017
Назарбаев Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорына барды
Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорына барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді
Бүгін «Хабар» арнасында «Дәурен Абаевпен ашық диалог» бағдарламасының кезекті шығарылымы көрсетілді.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді
Бүгін «Хабар» арнасында «Дәурен Абаевпен ашық диалог» бағдарламасының кезекті шығарылымы көрсетілді.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев
«Хабар» арнасындағы «Дәурен Абаевпен ашық диалог» бағдарламасында министр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына қатысты жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталып өтті.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2017
Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды
Астана қаласының «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогы үшін жекпе-жек ұрыстан халықаралық турнирі басталды.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2017
ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне облысымыздан қатысқан ерікті жастармен кездесті, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 21 Қыркүйек, 2017
Астанада EXPO-2017 көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ
Елордада EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің 16 «жасыл» жобасы қолданылатын болады.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2017
«Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумында 26 меморандумға қол қойылды
Қостанайда өткен «Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумына шетелдерден бизнес құрылым, дипломатиялық корпус, инвестициялық компания өкілдері, шетелдік және отандық сарапшылар, кәсіпкерлер, Қазақстан Үкіметінің мүшелері, мемлекеттік және ұлттық компания қызметкерлері, Парламент депутаттары, барлығы 250 адам қатысты.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Келер жылы мектеп бағдарламасына қоғам және дінтану сабағы енгізілуі мүмкін
Еліміз егемендік алғалы да біраз уақыттың жүзі болды. Осы уақыт аралығында Ислам діні қанатын кеңге жайып, күн санап дамып барады десек артық айтпағандық болар еді. Бүгінге дейін Ислам діні дамыған, өркениетті елдерден білім алып, қазіргі қоғамды тура жолға жетелеп жүрген жандар қаншама. Алайда, жақсылығы мен жамандығы қатар жүретін бұл заманда жұрт арасына бүлік салатын топтар да жоқ емес. Бүгін Астана қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерінде қоғамдық институттардың рөлі» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Қазақстанда қалайы өндіруге салық мөлшері азайтылмақ
Қазақстанда қалайы өндіруге салық көлемін азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде Салық кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика бiрінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Біртанов МӘМС бойынша жиын өткізді
С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдары үшін кедергілерді төмендету мәселесін қайта реттеуге байланысты өткен жиында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел ішіне енді енгізілген реформаның қазіргі аяқ алысы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.
Футбол • 21 Қыркүйек, 2017
Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды
Чемпиондар лигасының 2018/2019 маусымының финалы Мадрид (Испания) қаласындағы «Атлетико» командасының «Ванда Метрополитано» стадионында өтетін болды. Бұл туралы УЕФА хабарлады.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Жас журналистерге арналған жоба іске қосылды
Журналистика саласына қызығатын жастарға арналған «Жас Медиа» жобасы іске қосылды. Бұл туралы «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директоры орынбасары міндетін атқарушы Азамат Данияр Астанада өткен баспасөз конференцияда мәлімдеді.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды
Елорда хостелдері студенттерге жатын орынды жалға алудың жеңілдетілген нұсқасын ұсынып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.