Соңғы жаңалықтар
Ыстанбұлда «Бағалаудың ұлттық жүйесін құру: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар өтті
Ыстанбұлда әлемнің 30-дан астам елінің өкілдері мемлекеттік қызметті бағалау бойынша тәжірибе мен білім алмасты, деп хабарлайды Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың баспасөз қызметі.
Ауыр атлетика • 18 Қазан, 2017
Дмитрий Шомко: «Маккабиді» жеңу қолымыздан келеді
«Астана» командасының қорғаушысы Дмитрий Шомко Еуропа лигасының топтық кезеңінде Израильдің «Маккаби» клубына қарсы ойын жайлы пікір білдірді.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Қызылордада ҮИИДБ кәсіпорындарындағы өнім экспорты 23 пайызға артқан
Үкіметтің баспасөз орталығында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Әлем • 18 Қазан, 2017
Альянс Ракка қаласын толық бақылауға алды
Сириялық күрдтер мен араб күштерінің альянсы «Ислам мемлекетінің» астанасы атанған Ракка қаласын толық бақылауға алды деп мәлімдеді. Сирияның демократиялық күштерінің өкілі Талал Селло (SDF) бес айға созылған Ракка ұрысы аяқталды деп хабарлады.
Футбол • 18 Қазан, 2017
Стойлов: «Астана» «Маккабиге» қарсы ойында фаворит емес
«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов Израильдің «Маккаби» клубына қарсы ойын алдында ұжымның дайындығы туралы ой бөлісті.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
«Астана жастары» ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жұмыс жәрмеңкесі өтті
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Астана жастары» ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жұмыс жәрмеңкесі өтті.
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
Қостанай облысында ауыл жастарының форумы өтті
Сарыкөл ауданында ауыл жастарының «Ауыл. Жастар. Жаңғыру» атты облыстық форумы өтті. Оған облыстың барлық шалғайынан белсенді жастар, еңбек ардагерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үміткерлері, облыстың құрметті азаматтары қатысты.
Президент • 18 Қазан, 2017
ҚР Президенті халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы бірқатар заңға қол қойды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келісімдерді ратификациялау туралы бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
ОҚО-да ТЖ қызметкерлеріне 35 өрт сөндіру көлігі тапсырылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 35 жаңа өрт сөндіру көлігі тапсырылды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Мемлекеттік қолдау аясында 335 отбасы жаңа қонысқа көшті
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау сияқты жұмыс күші артық облыстардан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай сынды еңбек қолы тапшы өңірлерге 1324 адам қоныс аударды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды
Алматы қаласында «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ашылды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Атамбаев: Назарбаев туралы қызбалықпен айтқаным дұрыс болмаған сияқты
Бүгін Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі Ала-Арча резиденциясында үздік студенттерге президент стипендиясын табыстау салтанатына қатысты.
Әлем • 18 Қазан, 2017
ББС Моңғолиядағы қазақ бүркітшілері туралы жазды
Батыс Моңғолияның тауларында жыл сайын күзде бүркітшілер, яғни қазақ бүркітшілері арасында фестиваль өтеді. Бүгінде әлемде мыңдаған құсбегі бар. Алайда, фестивальдағы аңшылық пен тұрмыстық мақсаттағы аңшылық арасында айырмашылық бар. Тек бір ерекшелігі, бұл жарысты өз көзімен көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылып жатады. Шетелдіктер үшін бұл фестиваль тегін емес. Осы фестиваль туралы ББС басылымы жазады.
Президент • 18 Қазан, 2017
Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Рәсім барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Кадам Шах Шахим, Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Канаданың Төтенше және өкілетті елшісі Николя Бруссо, Финляндия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Микко Кивикоски, Бельгия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаель, Франция Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ, Эстония Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэс сенім грамотасын тапсырды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
Өскемен мектептерінде жаңа пән оқытыла бастады
Алаш ардақтысы Шәкәрім атамыздың осыдан жүз жыл бұрын шамасындағы «Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заман» деген сөзі сіз бен біз тіршілік кешіп жатқан бүгінгі заманымызға қарата айтылған секілді көрінеді де тұрады.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Бірде қала шетінде тұратын ағайымдікіне бардым. Жеңгемнің құрбысы қонаққа келіп отыр екен. Қарапайым ғана киінген, қараторы келіншек. Өңі жүдеу. Бірге отырып, шай іштік.
Парламент • 18 Қазан, 2017
Сенат комитетінде «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Көмір тапшы ма, көлік тапшы ма?
Қарағанды көмірдің үстінде отырып, оған тапшы болады деп кім ойлайды? Екі аптадай елді дүрліктірген мәселенің мәнісі басқада сияқты. Тұрғындардың сөзіне сенсек, сатылып жатқан көмірдің көлемі жеткіліксіз. Қатты отынды тиеп әкетуші жүк көліктерінің жүргізушілері болса, бағаны өсіру үшін өндірушілер тауардың тапшылығын әдейі қолдан жасап отыр деген жорамал айтады.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Қазақстан газы Қытай нарығына экспорттала бастады
Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ Қытай Халық Республикасына отандық газды экспорттауды бастады. Қазақстандық көгілдір отынды «Бейнеу –Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырынан «Орталық Азия – Қытай» трансұлттық газ құбырына жіберу салтанатты рәсімі Астана қаласындағы газ операторының Бірыңғай диспетчерлік орталығында ұйымдастырылды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Тед Этчисон: Біздің жетістіктеріміз – бірлік пен ынтымақтың нәтижесі
Ел аумағында экономикамыздың өркендеуіне, мемлекет қазынасының толуына, әлеуметтік ахуалдың артуына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосып жүрген бірлескен компаниялар баршылық. Бұл – бейбітсүйгіш, дамуға қарқынды бет алған мемлекетіміздің жаһандық аренадағы салмақты, сарабдал саясатының жемісі. Мәселен, АҚШ сынды алпауыт елмен уағдаластық нәтижесінде құрылған «Теңізшевройл» ЖШС іргелі істердің басы-қасынан табылады. Компанияның бас директоры Тед Этчисонмен әңгіме барысында осы сөзімізге әбден көз жеткіздік.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Оман Сұлтандығы Қазақстан үшін визалық режимді жеңілдетпек
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбукте Оман Сұлтандығындағы ҚР Елшісі Ержан Мұқаштың Оман Сұлтандығының Қазақстан азаматтарына визалық режімді жеңілдету жөніндегі хабарламасымен бөлісті.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Балалар бір-бірін бағалауды үйренеді
Қазіргі қоғамдық жаңару, замана талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздарға артылған салмақты міндет болып тұр. Осы үлкен жауапкершіліктің үдесінен шығу мақсатында елімізде ұйымдастырылып жүрген мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен жаңартылған білім беру бағдарламалары негізінде өтіп жатқан курстардың маңызы зор.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Білім беру үдерісін басқару негіздері
Қазіргі қоғамның білім саласындағы өзекті мәселесі – әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейім және өзі өмір сүріп жатқан қоғамды өзгертетін тұлға қалыптастыру. Қоғамда өмір сүруге бейім тұлға шығармашыл, интеллектісі жоғары, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, ой-өрісі кең, терең білімді, кәсіби сауатты болуы тиіс.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір. Қазіргі жазуымыз бірнеше ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтеріп, егемен мемлекетімізге де қызмет етіп келеді
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
Зерендіде кооператив зауыттарға 500 тонна сүт тапсырды
Биыл наурыз айында Ақмола облысында құрылған «Әлихан-Әмір» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өндіруші кәсіпорындарға күніне 2,5 тонна сүт жеткізіп тұрады. Жазғы айларда тапсырылатын өнімнің күнделікті көлемі 7-8 тоннаға жететін, деп хабарлайды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.
Әдебиет • 18 Қазан, 2017
Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңіндегі жаңа белеске қадам басқалы тұрған латын әліпбиіне көшу – бұл жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту болмақ. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек. Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұрпақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлылығын мойындайтын болады. Ендігі жұмыс – халық арасында аса маңызды қадамды дұрыс насихаттап, ұғынықты жеткізе білу
Театр • 18 Қазан, 2017
Астаналық орыс драма театры І «Synergy» фестиваліне қатысты
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Сербияда І «Synergy #WTF» халықаралық театр фестиваліне қатысты. Елордалық театр ұжымы көрермендер назарына өз репертуарындағы үздік спектакльдердің бірі – «Манкурт. Вечный раб» мистериясын ұсынды. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлады.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Сөгетіде Сағыныш Есбергеновке ескерткіш орнатылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жерге» қатысты кемел ойы әр қазақтың санасына сәуле түсіріп, ата-баба жұртына бет бұрғызды. Біздің де атамекенімізде сондай бір игілікті іс атқарылды. Ол осыдан алпыс жылға таяу уақыт бұрын құла дүзден ірге көтерген, дәулеті мен сәулеті тең түскен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Сөгеті» елді мекенінде болды. Нақтылай түссек «Сөгеті» совхозының негізін қалап, отыз жыл басшылық жасаған, ауылдың төрт құбыласын түгендеген Сағыныш Есбергеновке еңселі ескерткіш орнатылды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
«ҚазМұнайГаз» бекеттерінде АИ-92 шектеусіз сатылып жатыр
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС сұранысқа ие АИ-92 маркалы жанармайын барлық өңірде еркін түрде сатып жатыр. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әдебиет • 18 Қазан, 2017
Латын әліпбиі – Қазақстан Қарулы Күштерінде
Қазақ елінің басты жаңалығының бірі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы және онда көтерілген мәселе – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясы. Қазіргі таңда бұл мәселе ел ішінде қолдау тауып, тілші-ғалымдардың қатысуымен қызу талқылануда.