Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 17 Қараша, 2017
ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді
Оңтүстік Қазақтан облысында 2017 жылғы 1 қазан айындағы көрсеткіш бойынша облыс халқының саны 2 914 054 адамды құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Нәтижесінде республика бойынша біздің облыс бала туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1-орында.
Үкімет • 17 Қараша, 2017
Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, онда өңірде мемлекеттік бағдарламалардың және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы міндеттерінің іске асырылу барысымен танысады, сондай-ақ, АӨК дамыту мәселелері жөнінде жеке кеңес өткізіп, өңірлік кәсіпкерлермен кездеседі, деп жазады primeminister.kz.
Медицина • 17 Қараша, 2017
Астанада шала туған балалар күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті
«University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Шала туған балалардың халықаралық күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.
Хоккей • 17 Қараша, 2017
Астананың "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынын омбылық "Авангардқа" қарсы өткізіп, буллиттер сериясы бойынша ұтылып қалды.
Қазақстан • 17 Қараша, 2017
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2017 жылдың 18-20 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Үкімет • 17 Қараша, 2017
Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның атқарушы директоры Бен Ван Берден басшылығымен «Роял Датч Шелл Плс» өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Аймақтар • 17 Қараша, 2017
ОҚО-да Орта Азиядағы тұңғыш «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды
Бүгін Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 17 Қараша, 2017
«Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Әдебиет порталында» онлайн түрде «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланып отыр.
Аймақтар • 17 Қараша, 2017
Атыраулықтар несиені көп алады
Облыстық статистика департаментінен алынған дерек бойынша, Атырауда биылғы тоғыз айдағы бөлшек сауда айналымы 187,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға артық.
Қазақстан • 17 Қараша, 2017
Ерлан Саиров: Жаңа әліпбиді қоғамның барлық буыны қолдап отыр
Латын графикасына көшу бойынша барлық өңірде алқалы басқосулар өтіп жатқаны белгілі. Жуырда отандық беделді сарапшылармен бірге ел ішінде болған белгілі әлеуметтанушы Ерлан САИРОВПЕН әңгімелескен едік.
Аймақтар • 17 Қараша, 2017
Қарағанды облысында әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету орталығы ашылды
Таяуда Нұра ауданының орталығында аудандық прокуратура және ішкі істер бөлімінің бастамасымен, Нұра ауданы әкімдігінің, сондай-ақ қоғамдық кеңестің қолдауымен «Сенім» әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету орталығының тұсауы кесілді.
Үкімет • 17 Қараша, 2017
Асқар Мамин Әзербайжан президентінің қабылдауында болды
Бакуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Қаржы • 17 Қараша, 2017
2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізіледі
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен Сенаттың жалпы отырысы өтіп, онда палата депутаттары «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылады. Аталған құжатқа байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 116 ұсыныс түскендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Медицина • 17 Қараша, 2017
Көшім Есмағамбетов - зертнама зергері
«Өзіңнің өткен тарихыңды танып, білуге ұмтылу қазіргі уақытта болып жатқан оқиғалардың мәнін ұғу үшін және болашақ мақсаттарға апарар төте жолды айыру үшін қажет».
Медицина • 17 Қараша, 2017
«Өрлеу» - масылдықты жоятын жоба
Жалпы, қоғамды еңбекке жұмылдыру арқылы азаматтардың мақсат-мұратына, ал тұтас мемлекеттің даму деңгейін одан сайын жақсартуға болатыны баршаға аян. Яғни әрбір қазақстандықтың еңбегін еселей отырып, тұтыну идеологиясы мен жаппай масылдықпен күрес, еңбек өнімділігі мен еңбек құндылығына баса мән беру маңызды.
Медицина • 17 Қараша, 2017
Ғарышқа ұшырылған 250 зымыранның әрбір оныншысы құлап түскен
Екі жыл бұрын Парламент Сенатының отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты қордаланған мәселелер бойынша ой бөліскен еді. Бұл мәлімдеме ақпарат құралдарында жарияланды.
Қазақстан • 17 Қараша, 2017
Дархан Қыдырәлі Forbes Kazakhstan басылымына сұхбат берді
"Егемен Қазақстан" РГ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Forbes Kazakhstan басылымына БАҚ туралы заңдағы өзгерістер, дәстүрлі басылымдардағы жарнама ісі, газет болашағы, латын әліпбиі туралы сұхбат берді.
Қазақстан • 17 Қараша, 2017
Шерікбай Ұнатұлы - сөнбес сәуле
Алтайдың ауылынан, Тарбағатайдың тамырынан, Іленің іргесінен, Баян-Өлгейдің баурайынан жеткен қаны бір қандастарды көргенде көненің көзін, көнерген сөзін естіп, алты ғасыр артқа шегінгендей күй кешетініміз бар.
Әдебиет • 17 Қараша, 2017
...Жазудың, еңбектің тұрақтылығы жазушы үшін әрқашан берекелі болған. Белгілі бір уақытта ғана жазсаң, қанша күшіңді сақтайсың!
Әдебиет • 17 Қараша, 2017
1921 жылдың қысы, Одесса қаласында тұрам. ...«Моряк» газетінде хатшымын. Жас жазушылардың біразы сонда істеді. Катаев, Багрицкий, Бабель, Олеша және Ильф бар... Ал жасы үлкен жазушылардан Андрей Соболь келіп тұрады. Тынымсыздау, алқам-салқам жүретін, жан адамға зияны жоқ кісі еді.
Әдебиет • 17 Қараша, 2017
Әкім Тарази. Мен кейіпкеріме айналамын
Бір шығарманы жазып біткеннен кейін «енді жазбаймын» деп жүремін. Өмір болғаннан кейін әртүрлі нәрсені көресің, біреумен дидарласып, біреуге ренжисің. Өзің үшін жаңалық ашып қуанасың.
Аймақтар • 17 Қараша, 2017
Ақтөбеде лаңкестердің қолынан қаза тапқан жауынгерге арналған кеш өтті
Қысқа ғұмыр кешкенімен артында өшпестей із қалдырды. Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанған Досбол Сапар Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімде жауынгерлік қызмет атқара жүріп, 2016 жылдың 6 маусымында болған лаңкестермен ұрыста қаза тапты.
Аймақтар • 17 Қараша, 2017
Жетісу жерін мекендеген ежелгі тайпалардың зергерлік бұйымдарының сымбатты көшірмесіндей болып көз алдыңыздан шығатын Қарғалыдан табылған әшекейлі тәтінің ақзері көз алдыңызда тұрады. Ортасында мәңгілік елдің символындай аспанға қол созған еменнің иір бұтағы жалғасқан ғұмырдан сыр айтқандай болады да тұрады.
Қазақстан • 17 Қараша, 2017
Ескерткіш түбіндегі әйел. Бақытжан Құрманбайқызы кім?
Кешегі білімді болуға ұмтылған кеңестік дәуірде өмірден құйрықты жұлдыздай өте шыққан, бар болғаны 15 жасында халық жастарын ізіне ілестірген Ғани Мұратбаевты білмейтіндер некен-саяқ еді. Биыл Ғани Мұратбаевтың 115 жылдығын туған топырағы Қызылорда облысы Қазалы өңірі атап өткені аян. Белсенді жастар арасында Ғани Мұратбаев атындағы республикалық марапат тағайындалды.
Аймақтар • 17 Қараша, 2017
Торғай даласынан зілдің тісі табылды
Жанкелдин ауданындағы Аққора қыстағынан зілдің тісі табылды.
Қазақстан • 17 Қараша, 2017
Сайлаушылар тізімін жасау – ең жауапты іс
Кеше елордада еліміздің Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалары кеңсесімен бірлесіп халықаралық байқаушыларға арналған «Сайлаушылардың тізімдерін жасаудағы халықаралық байқаудың ерекшеліктері» деген тақырыпта семинар-тренинг өткізді.
Тарих • 17 Қараша, 2017
Түркітанушы ғалымдар құнды еңбектерінде «Отыкен» немесе «Өтүкен» дейтін жер-атауын көп қолданады. Өйткені бұл жер – көне түркілердің ел болып, етегі жиналған, жұрт болып, жағасы құралған мекені.