Соңғы жаңалықтар
Әлем • 02 Ақпан, 2018
БҰҰ-ның көші-қон агенттігі Ливия жағалауында тоқсан мигранттың суға батып кеткен болуы мүмкін деп хабарлады. Зардап шеккен үш куәгердің айтуынша, суға батып кеткендердің көпшілігі Пәкістан азаматтары болған.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Оңтүстікте басқарма басшылары тағайындалды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен жаңадан құрылған және атаулары өзгерген басқармалардың басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Астанадағы «Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданына қарасты 20 көшеге асфальт төселеді
«Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданының ұзындығы 19,5 шақырымды құрайтын 20 көшесіне жылдың соңына дейін асфальт төселеді, деп айтты «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсенбаев халықпен есептік кездесу барысында.
Жеңіл атлетика • 02 Ақпан, 2018
Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Қазақстан бірінші орында
Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінің таңертеңгі бағдарламасы аяқталды. Қазақстан құрамасының қоржына тағы 5 медаль түсті, деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.
Жеңіл атлетика • 02 Ақпан, 2018
Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Қыздар екі күнде 5 алтынға қол жеткізді
Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қыздарымыз 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Астана уақыты бойынша сағат 15.20-да Алматыда жер сілкінді.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Астанада көне кітаптар көрмесі өтті
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Таңғажайып кітаптар мен қолжазбалар топтамасы» тақырыбында құнды көрме өткізілді.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Затобол поселкесі Қостанайдың қанаттас қаласына айналады
Қостанайдың іргесіндегі өзімен аттас ауданның орталығы Затобол поселкесі енді облыс орталығының қанаттас серік қаласына айналатын болады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.
Әлем • 02 Ақпан, 2018
Францияда мигранттар арасында жаппай төбелес болды
Францияның Кале қаласында ауғандар мен эритрейлер арасында жаппай төбелес болып, ең кемі 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Қостанай облысындағы колледждердің біріне Кәмшат Дөненбаеваның есімі берілуі мүмкін
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы БАӘ елшісімен кездесті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 02 Ақпан, 2018
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Бүгін Астанадағы Елбасы кітапханасының Музейінде «Жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуы Байқоңыр балаларының көзімен» атты балалар суреттері көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Қазақстан атлеттері 2 алтын жеңіп алды
Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақтан жеңіл атлеттері 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.
Үкімет • 02 Ақпан, 2018
Бақытжан Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен кездесті
Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумынан ЕАЭО-ны кешенді цифрландыру басталады
Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты Еуразиялық экономикалық одақ форумы өтіп жатыр. Алқалы жиын аясында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев арнамызға арнайы сұхбат берді.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
«Бәйтерек» холдингінің жаңа басқарушы директоры тағайындалды
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының шешімімен Нұржан Нұрланов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.
Үкімет • 02 Ақпан, 2018
Б.Сағынтаев әлемдегі ең ірі IT-компания басшыларымен кездесті
Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде халықаралық компаниялардың басшыларымен және шетелдік сарапшылармен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» халықаралық форумы басталды
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына жолдаған хатын оқып берді.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Қазақстандықтардың Америкаға келуін жеңілдеткіміз келеді - АҚШ елшісі
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол болашақта екі ел арасында визасыз тәртіп болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Атыраулық ғалымдар кәсіпшілік балықтарды саға маңы кеңістігінен аулауды шектеуді ұсынды
Су айдынының екі жағынан да сағасынан 50 шақырым аумақта және үш метрден төмен тереңдіктен балық аулауды шектеу ұсынылды, - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бокс • 02 Ақпан, 2018
Геннадий Головкин «Бокс аңыздары» сыйлығының лауреаты атанды
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA), Халықаралық бокс федерациясының (IBF) және Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «Бокс аңыздары» сыйлығының «Жыл боксшысы» аталымында жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет • 02 Ақпан, 2018
Сағынтаев «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» ЕАЭО форумына қатысады
Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» ЕАЭО халықаралық форумына және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Атырау облысында балық шаруашылығының проблемаларына қатысты көшпелі жиналыс өтті
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы заңсыз балық аулаушылармен күрес тиімді болу үшін су полициясы мен балық инспекциясының қосымша бөлімдерін ашу мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Әдебиет • 02 Ақпан, 2018
Нұрғали Ораз. Қасиетті қара жер
Кейде бір сәтті күнге кез боласың. Ондайда бәрі өздігінен орындалып, оп-оңай орайласып жатқандай көрінеді.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Талдықорғандағы өлкетану музейлеріне виртуалды саяхат жасауға болады
Талдықорған қаласында орналасқан өлкетану музейлеріне енді ғаламның кез келген жерінен виртуалды саяхат жасауға болады.
Әдебиет • 02 Ақпан, 2018
Арман Әлменбет. Диалог – темір қазық
«Ұлттық болмыс диалогта өмір сүреді» деген мазмұнды бір сөз оқығаным бар еді. Қайдан оқығаным есте жоқ. Жазып алмағаныма өкінемін. Бірақ осы сөздің рас екеніне әбден көзім жетеді.
Кино • 02 Ақпан, 2018
Әдебиет – кинематографтың анасы
Жалпы, әдебиеттің кинодағы рөлін бірнеше қырынан қарастыруға болады. Ең алдымен, әдебиеттің кино тіліне тигізген әсерін айтуымыз керек. Сонан соң, көркем әдебиет шығармалары бойынша әлем, қазақ киносында қаншама фильмдердің түсірілгеніне мән беруіміз тиіс.
Әлем • 02 Ақпан, 2018
Фидель Кастроның үлкен ұлы өзіне қол жұмсады
Кубаның бұрынғы көсемі Фидель Кастроның үлкен ұлы өзіне қол жұмсады.
Кино • 02 Ақпан, 2018
Кейіпкерін сүймей, елін сүймейді
К.Станиславскийдің әйгілі жүйесінде «кейіпкержандылық өнері» және «кейіпкерсындылық өнері» деген терминдер бар. Қазақ киносындағы жасалып жатқан көп дүниелер осы анықтаманың соңғысы іспеттес. Қандай ұлттық кейіпкер болсын образының ішіне ендеп кіре алмайды, тек сырт бейнесін кейіптейді. Ханы «хан сынды», қарасы «қара сынды», баласы «бала сынды», данасы «дана сынды». Жан жоқ. Характер жоқ. Түйсіну жоқ. Себебі, бұл бейнелер (ұлттық бейнелер) авторға (режиссерге) таныс емес. Сырт келбеті ғана елес береді. Онда да бірлі-жарым орыстілді авторлардың түсірілім, жазба картиналары арқылы ғана. Сол арқылы долбарлап кейіптей береді. Тарихи фильм болса, алқа-қотан отырғызып, кеңес құрғызады, атқа мінгізеді, қымыз ішкізеді, қамшы ұстап, сақалдарын саумалатып, ыңырантып кеңес бастатқызады. Қайта-қайта аттарын кісінеткізіп, қыздарын жарқабаққа отырғызып ән салдырады. Заманауи фильм жасаса, тіпті сорақы, тіпті мемлекетіңді, ұлтыңды танымай дүдәмал күй кешесіз.