Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Орталық сайлау комиссиясы Мұхтар Құл-Мұхаммедті депутат ретінде тіркеді
Орталық сайлау комиссиясы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті Парламент Сенатының депутаты ретінде тіркеді.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2018
Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы жоқ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым осылай деді.
Өнер • 05 Ақпан, 2018
Қарағандылық суретші Ерлан Ғаймолдиннің қылқаламынан туған дүниелер тылсым сырға толы. Мамандардың пайымына сүйенсек, суретшінің қолтаңбасына әйгілі импрессионист Модильянидің ықпалы молынан әсер еткен. Бұған шебердің өзіндік мәнері қосылғанда, кенеп бетіне көздің жауын алған сиқырлы әлем өрнектері ұя салады екен.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
«Бес саусақ» десе, бес саусақ!
Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей, Бошай Кітапбаев, Дидахмет Әшімхан сынды тау тұлғаларды тудырған төр Алтайда жұмбағы шешілмеген, құпиясы ашылмаған тылсым мекендер аз емес. Соның бірі де бірегейі – жергілікті жұрт Бес саусақ атап кеткен катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Черновинск орман шаруашылығы аумағындағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Маралды ауылының шығысына қарай 3 шақырым жерде орналасқан гранитті жартас.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
«Қазконтент» жұмысын қорытындылады
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазконтент» АҚ-тың 2017 жылғы жұмысының қорытындысына арналған брифинг өтті.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2018
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметін облыс халқының 96 пайызы пайдаланады. Өңірлік бағдарлама аясында Азғыр аймағы мен кейбір газбен қамту көздерінен шалғай жатқан ауылдардан басқа жерлер толығымен газдандырылды. Құрманғазы ауданындағы Азғыр селосына газ тарту бойынша жобалау-сметалық құжаттар аяқталып, монтаждау жұмыстары басталды.
Білім • 05 Ақпан, 2018
Зияткерлік мектептердің өрісі кеңеюде
Қарағанды облысының әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (ДББҰ) өзара серіктестік туралы меморандум шартына отырды. Құжатқа облыс әкімі Ерлан Қошанов және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қол қойды.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Облыстық әкімдік отырыстарында Тайынша ауданының әкімі Ержан Иманслям сын садағынан көз ашпай келді. Соңғы жылдары өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларындағы көрсеткіштер екі есеге дейін құлдыраған. Өңдеуші кәсіпорындардың үлесі төмен. Ет, сүт, жұмыртқа жоспардағыдан кем өндірілген. Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың ескертулеріне қарамастан, ештеңе өзгермеген, әлеуметтік-экономикалық салаларды ілгерілетудің тың серпіндері сезілмеген. Ақыры жағдайды түзете алмайтынын өзі де сезген болу керек, Ержан Иманслям жұмыстан өз еркімен босатуды сұрап өтініш жазған.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Шағын бизнесті дамыту бағдарламасы таныстырылды
Алматыда Орталық Азиядағы микро, шағын және орта кәсіпорындарды (МШОК) қолдауға бағытталған шағын бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаның тұсауы кесілді.
Спорт • 05 Ақпан, 2018
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк ресми түрде қызметінен кетті. Енді футбол жанкүйерлері оның орнын кім басар екен деп тағатсыздана күтіп жүр. Ал біз осы ешкімге ұнамайтын қызметтің қыр-сырын әрі тарихын түгендеп өтсек. Сонда Қазақстан құрамасына қандай бапкер керек екеніне көзіміз жетер, бәлкім.
Теннис • 05 Ақпан, 2018
Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты
Еліміздің спортшылары үшін жаңа жыл жарқын жеңіспен басталды. Жекелей спорт түріндегі саңлақтарымыздың жеңістерін айтпағанның өзінде командалық жарыста да спортшыларымыздың мерейі үстем болып жатыр. Соның нақты айғағы – Қазақстан құрамасының Дэвис кубогы бәсекесінің әлемдік тобында Швейцарияны жеңуі. Ақпан айының 2-4 күндері аралығында Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өткен турнирдің 1/8 финалында отандастарымыз азулы Швейцария құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты.
Бокс • 05 Ақпан, 2018
Қамшыбек Қоңқабаев: Ауыр салмақта да бәсекелестік бар
Бокстан аса ауыр салмақта қос Олимпиаданың қоласы мен әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленген Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысқан соң, оның орнын қызылордалық оғлан Қамшыбек Қоңқабаев басты. Былтырдан бері құраманың бірінші нөмірлі боксшысы атанған ол өткен жылы тұңғыш рет Азия және әлем чемпионатына қатысып, екеуінде де күміс жүлде иеленді. Жуырда мамандардың назарына іліккен Қамшыбекпен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында қылмыскерге ізін жасыруға жол бермей, қолға түсірген майор Тимур Рахимовты құрметтеуге арналған кеш өтті.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Былтырғы жылдың мамыр айында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына реформа жүргізу туралы тапсырма берген болатын. Тиісінше, ТКШ туралы заңға өзгерістер енгізу жайы қарастырылды. Осы реттегі жаңалықтардың бірі – пәтер иелері кооперативтерін (ПИК) таратып, олардың орнына мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ) құру. Қарағанды қаласындағы пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері мен мүдделі органдардың мамандары «Атамекен» ҰКП облыстық филиалында болған кездесуде мәселені жан-жақты талқылады.
Бокс • 05 Ақпан, 2018
ХОК Олимпиададан боксты алып тастауы мүмкін
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Ойындардың бағдарламасынан боксты алып тастауы мүмкін. Бұл туралы комитет басшысы Томас Бах мәлімдеді.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2018
Студент балаларды ажалдан құтқарды
Семей қаласындағы құрылыс колледжінің №1 жатақханасында электр желілерінің қысқа тұйықталуының ақыры өртке ұласқан. Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы №2 құтқару тобы оқиға болған жерге дер кезінде жеткен.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2018
Істің көзін тапқан Әлібек Тоғайбекұлы
Ерінбеген етікші де, егінші де, тіпті кім болам десе сол болады. Және еңбегіне қарай өнбегі болатыны белгілі. Көрші Қытай елінде «Халықаралық қатынастар және сауда» мамандығы бойынша білім алған Әлібек Тоғайбекұлы тек оқумен шектелмей, елімізде өз бетінше кәсіпкерлікпен айналысу арманымен оралыпты.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Түйткілі көп тері өңдеу өндірісі
Еліміздегі кәсіпорындардың көпшілігі өткен ғасырдың соңындағы тоқыраудан ес жия алмастай есеңгірегені белгілі. Сондай өнеркәсіптің бірі тері өңдеу өндірісі деуге болады. Кезінде Қазақстан сапалы былғарымен күллі КСРО фабрикаларын қамтыған еді.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2018
Жетісуда мал басы көбейіп, өнім артып келеді
«Елде болса, ерінге тиеді» дегендей, дүкен аралаған мен базар жағалағанның алдымен сатып алатыны азық-түлік өнімі екені анық. Осы орайда тұтынатын азықтың бағасы қолжетімді, сапасы сенімді болғаны әбден керек. Ал бұл талапқа жергілікті өнім өндірушілердің қолынан шыққан тауардың толықтай сай келетіні және ақиқат.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Әлемдік стандарттарға сай өнім
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданғанына да бірнеше жылдың жүзі ауып барады. Оның алғашқы нәтижелері туралы айтатын да уақыт келген секілді. Әңгіме желісін әрі қарай тарқатсақ, Ақтөбе рельс арқалығы зауытын қазақы ұғымға салғанда аталған бағдарламаның төл перзенті деуге әбден болады. Өйткені инновациялық бағытқа бет бұра білген ол бағдарламаның аясында 2016 жылдың маусым айында пайдалануға берілген.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Қарағанды спорт мектебін қайта құру қажет
Спорттық резервтерді дайындау ісіне байланысты кейбір проблемаларды айтуға тура келіп отыр. Өйткені бұл мәселе де қазір барынша өзекті. Соның ішінде бізді Қарағанды қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы облыстық арнайы мектеп-интернаттың болашағы толғандырады.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Торғайлықтарды толғандырған мәселе не?
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының Қостанай облысы Жангелдин ауданы тұрғындарының ежелгі Торғай жерінен Ресей зымырандарының қалдықтары құлайтын аумақ үшін жер бөлуге қарсылық білдірген хаттары негізінде Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың атына жолданған сауалы «Егеменге» жарияланған (15.01.2018 ж.) болатын.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Мүгедектер мәселесі ұмыт қалмасын
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында елдегі өркенді өзгерістер қоғамдық сананың жаңғыруымен қатар жүретіндігін атап өткен. Осы орайда қоғамымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көзқарасты өзгертуге де мән берілгені абзал. Оның үстіне Қазақстан Республикасы мүгедектердің құқын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қол қойған, сондықтан оның талаптарын орындауға міндетті.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Ауған соғысына қатысқандар ескерілмеген
Бізге Отан бұйрығымен Ауғанстанға барып, өздерінің жауынгерлік міндетін орындаған бір топ ардагерден шағым түсті. Олар өздерінің басындағы мәселе қолданыстағы заңға өзгерту енгізілмей шешілмейтінін айтады.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2018
Елімізде газ, электр энергиясы тарифтеріндегі айырмашылық кейбір өңірлерге артық салмақ салуда. Нақты айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысында тарифтердің құны өте жоғары деңгейде. Бұл облыстағы халықтың әлеуметтік жағдайына, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына кері әсерін тигізіп, өндірістің дамуын тежейтін фактор болып отыр.
Әлем • 05 Ақпан, 2018
Дональд Трамптың жолдауында не айтылды?
АҚШ президенті Дональд Трамп Америка халқына арнаған жолдауын жариялады. Онда Ақ үй басшысы бірқатар мәселелерді қамтып, атқарылған шаруаларға тоқталып, алдағы жоспарымен бөліскен. Әлемдік баспасөздер Д.Трамптың жолдауы аяқтала сала онда айтылған мәселелерді талқылауға кірісіп кетті.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Орталық Азия: ортақ мүдделер мен құндылықтар тиімді ынтымақтастық бастауы
Жаһандану үдерісінің барынша екпін алуы, халықаралық сауданың қарқынды өсуі кез келген өңір халықтарын өзара одақ, түрлі альянстар аясында бірігуге шақырып отырғандығы белгілі. Өйткені әлемнің әрбір елі ең алдымен түбі бір халықтармен және өзі отырған өңірмен түрлі саладағы байланыстарын дұрыстап жолға қойып алған жағдайда ғана жаһандану үдерісіне жақсы дайындықпен қосыла алатыны уақыт өткен сайын айқындала түсуде. Бұл – жаңа ғасыр туындатып отырған өзгерістер аясында іріленген халықтар мен халықтық бірлестіктер ортасында жұтылып кетпеудің өзіндік бір амалы.
Әлем • 05 Ақпан, 2018
Солтүстік Кореяның Парламент төрағасы Оңтүстік Кореяға баратын делегацияға жетекшілік етпек
Солтүстік Корея қысқы Олимпиада кезінде екі ел арасындағы шиеленісті жеңілдету барысында көптеген жылдар бойы жоғары лауазымды қызметтерді атқарған ресми өкілін Оңтүстік Кореяға жібереді, деп хабарлады BBC ақпараттық агенттігі.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Тұрақтылық пен тұтастық – Мәңгілік Елдің тірегі
Жалпы, мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңіне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, небір күрделі жағдаяттарды бастан өткергенін, талай қиын-қыстау күндерді, сын-сынақтарды сүрінбей еңсергенін көреміз.