Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 06 Ақпан, 2018
Оңтүстікте медпункт мәселесі толық шешілмек
Мемлекет медицинаға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ал жеке адамдар өз денсаулығына жете көңіл бөледі деп айта алмаймыз, өкінішке қарай.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2018
Краснооктябрь боксит кен басқармасының Аят кенішіндегі карьерде сыры кеппеген су жаңа Cat 777F маркалы самосвал кен жынысын тасып жүр. Оның тозып, жұмысқа жарамсыз болып қалғанына 3-4 ай болған еді. Енді міне, түк болмағандай, осыдан он жыл бұрынғы қалпымен жұмысқа кіріскен.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Егемен еліміздің ширек ғасырдан астам уақыттағы қол жеткізген табысы, бағындырған белесі мен жеткен биігі мемлекет іргесінің беріктігіне негіз болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың белгілеген стратегиялық жоспарлары өңірлерде осы уақыт аралығында нақты жүзеге асып, халықтың игілігіне айналды. Нақты меже мен міндет, бағыт пен бағдар тәуелсіз мемлекетті дамудың даңғыл жолына бастады.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2018
Бурабайдағы зауыттың биоотыны көмірден кем түспейді
Бурабай ауданында ағаштың ұнтақталған жаңқасынан экологиялық қауіпсіз биоотын өндіретін зауыт іске қосылды. Бұл істі жергілікті орман шаруашылығымен айналысатын «Орманды аймақ» ЖШС қолға алып отыр.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
«Тәуелсіздік дәуірі». Терең таным, мол мағлұмат
Еліміздің ғасырлар бойы зарыға күткен тәуелсіздігін алған кез есімізде. Жиырма жастан енді асқан шағымызда бұл ақжолтай жаңалыққа, әрине қуандық.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2018
Шымкенттің өз арбаты болады. Қала болған соң күйбең тіршілік көп. Кезінде үлкен көшелерге ескерілмей салынғандықтан табалдырығының түбінен машиналар ағылған үйлер көп. Мұндайда кішкентай балақандарды сыртқа шығармақ түгілі, үлкендердің өзі жүрегін қолына ұстап өтеді. Ию-қию болып жататын қала тұрғындарына жан тыныштығы, яғни айқыш-ұйқыш қайшыласқан автокөліктері жоқ аумақта адамдарға еркін тыныс алатындай жағдай туғызылу керек.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Еуразия ұлттық университетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланды
Таяуда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан тарихшыларының V ұлттық конгресі өтіп, онда Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланды. Конгреске республикамыздың тарих, гуманитарлық ғылымдар саласының көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысты.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Ұшқан құстың қанатын талдыратын ұлан-ғайыр қазақ даласының қасиет қонбаған қиыры жоқ. Төрт құбыласы – түгел құт.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
«Тәуелсіздік дәуірі». Жастарға серпін беретін туынды
Өткен жұмада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақ ұлттық аграрлық университеті белсенді студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік және жастар» онлайн-дөңгелек үстелін өткізді.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Басымдықтар өміршеңдігімен ерекшеленеді
Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашы болған республикалық Бірыңғай күн аясында Елбасының биылғы Жолдауын талқылау мақсатында елордадағы Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен жастар қатысқан жиын өтті.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Сот жүйесін цифрландыру – маңызды қадам
Жылдың басы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен басталды.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Кәсіподақ ашық әңгімеге шақырады
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы қоғаммен ашық пікір алаңын құруға мүдделі.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды. Дөңгелек үстелге еліміздің белгілі тарихшылары мен саясаттанушылары қатысты.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Жерді пайдалануда қоғамдық бақылаудың рөлі артады
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Әлем • 06 Ақпан, 2018
Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың жолға қойылғанына ширек ғасыр болды. Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты жасалған бірлескен мәлімдемені жариялады.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Қазақстан мен Грекия: Ынтымақтастықты нығайтудағы жаңа қадам
Қазақстан-Грекия Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының төрағалары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Астанаға жұмыс сапарымен келген Грек Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгиос Катругалос екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады. Грек делегациясының құрамына іскер топтардың өкілдері кірді.
Әдебиет • 06 Ақпан, 2018
Асқақтаған «Айбозым» немесе Біржан сал әндерін тыңдағаннан кейінгі әсер
Кеңес өкіметі тұсында Қазақстанға Мәскеуден қонақтар келіпті. Бір топ кісі Біржан салдың басына барып тұр дейді. Академик Мұхамеджан Қаратаев Біржанның айналасын, оның бір бойындағы бірнеше өнер тоғысқан асқан талантты қонақтарға қалай түсіндірсе де олар ұқпай қойыпты. «Бір сөзбен айтқанда Біржан кім болған?» деп қоймаса керек. Сонда Мұқаң тұрып «Дорогие братья, вы Пушкина знаете?» депті. Олар «Да!» депті. «Чайковского, Шаляпина знаете?» десе тағы да «Да!» депті. «Так Біржан сал и есть Пушкин, Чайковский, Шаляпин в одном лице» деген екен.
Тарих • 06 Ақпан, 2018
Қиыр жайлап, шет қонған қазақтардың арасында, өз елінен, атажұртынан тағдырдың тәлкегімен бөлініп, лажсыз өзге елдің құрамында кеткендері де бар. Бүгінгі мақаламызда сондай іргелі диаспоралардың бірі – Астрахань қазақтары жайлы көргеніміз бен ойға түйгенімізді жазбақпыз.
Күрес • 06 Ақпан, 2018
Қазақ күресін сергелдеңге салған біз емес!
Еліміздің бас газетінде жарық көрген Арман Шораевтың «Қазақ күресін сергелдеңге салған кім?» (16.11.2017) деген мақаласын оқып, оның кейбір ұшқары пікірлері мен негізсіз айыптауларына жауап жазғанды жөн санадым.
Әдебиет • 06 Ақпан, 2018
Жайнақ Абақұлы – албан руының айт-сүйіндік тармағынан шыққан би, батыр. Атасы Сайымбөлек атақты Құдайназар бидің немересі. Шешесі – Райымбек батырдың қызы Манат.
Тарих • 06 Ақпан, 2018
Бұған дейін бүкіл Қазақстан комсомол ұйымының жетекшісі,әрі басшысы тек Ғани Мұратбаевты ғана танып, біліп келдік. Ал оның ісін жалғастырып, өңір-өңірде, облыс, аудан, тіпті ауыл-аймақтардағы комсомол ұйымдарында қызмет етіп, бастапқы баспалдақтарда жұмыс атқарған жастар туралы білмедік десем қателеспеймін-ау деп ойлаймын.
Тәрбие • 06 Ақпан, 2018
Адам тағдыры шалқар теңіздегі қауқарсыз қайық секілді. Үнемі асау толқындармен арпалыса жүзіп, жаңқадай шағылып жағаға шығып қалмауға тырысып бағады. Сондықтан «өмір – теңіз» деп бекер айтпайды. Бірақ осындай өмірдің ыстық-суығын көрген, оның небір қиын жолдарынан өткен адамдардың салған соқпақтарының сыры ашылмаса, қайырымы да болмайды екен. Неліктен дейсіз ғой.
Тәрбие • 06 Ақпан, 2018
Ұстаздың көлеңкесін баспау ұғымы
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесімен және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын зор ынтамен танысып шықтым. Оптимистік әсер алдым. Жаңа жағдай, жаңа міндеттер, жаңа мүмкіндіктер мен үміттер туралы ойлануға тура келді.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2018
Қоныс аударушыларға қолайлы жағдай болса...
2008 жылы елімізде 2009-2011 жылдары жүзеге асырылатын «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданды. Кейбір өңірлерде қоныстанушыларға арналған қалашықтар салынатыны айтылды. Біздің облыста да жоба жасалды.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2018
Ақылы паркомат: кімге пайда, кімге зиян?
Алматы қаласында екі жылдан бері AParking белгісі бар паркоматтар жұмыс істейді. Әрине қомақты инвестиция салынған бұл жобаның артықшылықтары да бар. Жүргізушілерден жол жағалағандар бұрынғыдай 100 теңгеден жабайы түрде жинап жүрмейді.
Әркім өзінің көргенін, естігенін, басынан кешкенін айтады. Мен өзімнің туған Торғайымда өмір кешкен, қалтасында табақтай дипломы болмағанымен, ынсап пен иманды жоғары қойған қазақтың оқымаған қарапайым қариялары жайында әңгіме қозғағым келеді.
Күні ертең 20 жылдық мерейлі мерекесін атап өткелі отырған елордамыз Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына сенімді тұғыр жасады.
Футбол • 06 Ақпан, 2018
Еуро-2018. Футзалдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда Сербиямен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Матч Любляна қаласында өтті.
Президент • 05 Ақпан, 2018
Елбасы Есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады
Елбасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сенатта Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау қаралды
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.