Соңғы жаңалықтар
Өнер • 08 Қазан, 2018
«Алатауды» асқақтатқан өнерпаздар
Қазақ даласын әсем әнімен тербеп, қасиетті қара домбыраның күмбіріне бөлеген «Алатау» триосы ел есінен шыға қойған жоқ. Күн сайын дерлік ұлттық арнадағы «Алтыбақан», «Тамаша» сияқты айтулы бағдарламаларда өнер көрсеткен сахна саңлақтарын бүгінде тыңдарманның сағынатыны да рас. Сол кездегі Жамбыл қаласында 1970 жылы құрылған «Алатау» ән-би ансамблінің құрамында 1974 жылы ашылған «Алатау» триосы өнер көрсетіп, қазақ әнін елімізге ғана емес, бірқатар шет мемлекеттерде де танытты.
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
«Миллион кімге бұйырады?» эфирге қайта оралды
«Хабар» телеарнасында «Миллион кімге бұйырады?» телешоуы қазақ тілінде жарық көруде. Бұл көрермендердің өтінішімен жасалды дейді арна басшылығы. Интелектуалдық ойынды журналистиканың майталманы ұзақ жылдар әртүрлі телеарналарда жаңалықтарды жүргізген, белгілі журналист Досымбек Өтеғалиев жүргізеді. Осы орайда біз Досымбек Өтеғалиевпен жаңа маусым туралы тілдескен едік.
Әлем • 08 Қазан, 2018
Отандасымыз Тунистегі «Total» мұнай компаниясының басшысы болып тағайындалды
Францияның «Total» мұнай-газ компаниясының Тунистегі мекемесінің бас директоры болып 36 жасар қазақстандық тағайындалды, деп хабарлайды kapitalis.com.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
Ақтөбеде «Интернетсіз бір күн» акциясы өтті
Заман талабына сай әрбір адамның компьютер мен интернеттің қыр-сырын білгеніне не жетсін. Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды.
Кәсіпқой бокс • 08 Қазан, 2018
Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор бәсекесінің соңы төбелеске ұласты
Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында бүкіл әлем жұртшылығы тағатсыздана күткен ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы жыл жекпе-жегіне баланған UFC 229 турнирі өтті.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
«Жамбыл» қонақүйіндегі шағын музей
Жуырда ғана үшінші жұлдызын алған Тараз қаласының орталығындағы «Жамбыл» қонақүйі талай жылдан бері мыңдаған қонақтарға сапалы қызмет көрсетіп келеді.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
Ұлыбритания патшайымы II Елизаветадан хат келді
Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «D» сынып оқушысы Ислам Сүлейменге Ұлыбритания патшайымы II Елизаветадан хат келді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Әлем • 08 Қазан, 2018
Польшада «Қазақ елі» мәдениет орталығы ашылды
Қазан айының 5 күні Польшаның солтүстігіндегі ірі өнеркәсіп орталығы әрі қарқынды дамушы шаһарларының бірі – Быдгощ қаласында ұлтымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеу, еліміздің тарихы мен бүгінін кешенді таныту бағытында айтулы шара болып өтті. Рәсім барысында Быдгощтың беделді жоғары оқу орындары қатарындағы Экономика жоғары мектебінде «Қазақ елі» атты қазақ мәдениетінің орталығы салтанатты түрде ашылды.
Медицина • 08 Қазан, 2018
Медициналық қызметке мейлінше көңіл бөлінбек
Дамыған елдерде медицинаға ІЖӨ 17-18 процентіне дейін бөлінетіні белгілі.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
Роботтандырылған жүйе мен инновацияларды енгізген тиімді
Елбасының Жолдаулары еліміздің кемелділігі мен азаматтарының игілігі үшін қызмет ететініне көз жеткізіп те келеміз. Күні кешегі Жолдауды ұжым болып тыңдадық. Жолдауда айтылған барлық мәселе – елдің көкейінде жүрген, шешімі мен іске асыру жолдары нақтыланған мәселелер. Әсіресе өзімізге етене таныс кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға қатысты айтылған бастамалар мен жүктелген міндеттер біз үшін өте маңызды.
Саясат • 08 Қазан, 2018
Италия мигранттарды қабылдаудан бас тартпақ
Италияның ІІМ басшысы, вице-премьері Маттео Сальвини Еуроодақ босқындарға қатысты жаңа ережелер қабылдаған жағдайда, әуежайларын жабатынын айтты, деп хабарлайды Италияның Corriere della Sera газеті.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
Мұғалімдер көптен күткен мәртебе
Ұстаз атаулы бүгінде қуануда. Елбасы мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті істерді қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтын «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге тапсырма берді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдаудың жағымды жаңалықтары осылай басталады.
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
Баспана жөнінде мұндай қамқорлық болған емес - Игорь Ким
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған әр Жолдауында әлеуметтік мәселені көтереді. Осы жолы Жолдаудан еліміздің экономикалық дамуы үшін атқарар көптеген міндет-мақсаттармен бірге, қамқорлыққа толы бір жылы лепті сезінгендей боласың. Баспана – әр адам үшін басты мәселе. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деп халық бекер айтпаған ғой. Осыдан бірнеше ай бұрын «Президенттің бес бастамасы» атты мақаласында Елбасы «7-20-25» бағдарламасының өмірге жолдама алуына себепші болып еді. Сонымен қатар осы уақытқа дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы да жақсы істердің тетігіне айналған болатын. Осы жолы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты баспанамен қамтамасыз ететін бағдарламаның тиімділігін тағы да айтып, оның жүзеге асуы керектігін шегеледі.
Парламент • 08 Қазан, 2018
Нұрлан Нығматулин Вячеслав Володинмен келіссөздер жүргізді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысы аясында Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володинмен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.
Өнер • 08 Қазан, 2018
«Сендерде, Шемонаиха ауданында Екатерина деген орыс қызы тұрады екен. Қазақша керемет сөйлейді дейді. Өзі сондай белсенді. Сол кісі туралы мақала әзірле» деген тапсырма түскенде Екатеринаға телефон шалмас бұрын «кейіпкеріміз туралы қандай дерек бар екен?» деп ғаламторға көз жүгірткенімде «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазған мына бір сөзі көңілімізді елең еткізгені рас.
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
Оралда мұғалімдерге арналған орталық ашылды
Орал қаласындағы №19 орта мектеп базасында мұғалімдерге арналған ресурстық орталық ашылды. Осы жерде ұстаздар білім саласына еніп жатқан жаңа технологиялар мен жаңашыл идеялармен танысып, оқу үдерісінде қолдануды үйренеді.
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
Әлеуметтік жауапты мемлекет құру саясатының жалғасы
Астанадағы академиялық кітапхананың залында Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауындағы міндеттерді іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының орны мен рөлі тақырыбында ұйымның кеңейтілген отырысы болды.
Бағдарламалар • 08 Қазан, 2018
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қолында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше басымдық берді. Әсіресе білім беру, ұрпақ тәрбиелеу ісіне қатысты негізгі міндеттерді нақтылағаны көптің көңілінен шықты деп есептеймін.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
Алюминийдің 60-миллионыншы тоннасы өндірілді
Жуырда Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ-та алюминийдің 60-миллионыншы тоннасы өндірілді. Бүгінде отандық алюминий тотығы Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Еуропа елдеріне жіберілуде.
Әлем • 08 Қазан, 2018
Атырауда қала күніне орай ұйымдастырылған отшашуды 20 мың көрермен тамашалады
Атырауда қала күніне ұйымдастырылған мерекелік шаралар өз мәресіне жетті. Қала күні мерекесіне орай Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концерт 20 мыңға жуық көрермен жинады. Халық алдында Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы қала дамуының оң динамикасын атап өтті.
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
Мұрат ЖҰРЫНОВ. Ғылымның дамуы – елдің дамуы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында, еліміздің қазіргі жаһандық дамуда әлем елдерінің көшінен дамыған 30 елдің қатарынан көсіліп орын алуын қамтамасыз ететін ең маңызды алты бағытты нақты белгілеп берді.
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
Жастарды жігерлендірген Жолдау
Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Өмір сапасы: Жастар міндеті мен жауапкершілігі» атты республикалық жастар форумы өтті.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
Ел дамуына салынған даңғыл - Қуанышқали Шапшаңов
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесін қамтыды.
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
Әр қазақстандықтың ойын жеткізді - Әлжан Шәмшідін
Елбасымыздың кезекті Жолдауындағы қомақты мәселелердің арасында өзіне керек ақпаратты түртіп алмаған қазақстандық кемде-кем шығар.
Өнер • 08 Қазан, 2018
Келер жылы Жабай Нұржанұлының туғанына 130 жыл толады
Кезінде Жабай Нұржанұлы Қарағанды облыстық радиосына әншілік қызметке шақырылып, 1932 жылдан 1970 жылдың соңына дейін қырық жылға жуық табысты еңбек етті.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
Жанкешті еңбекпен жаңарған ауыл
Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауы ел көкейіндегі көп ойларды дөп басқан құжат болды.
Әлем • 08 Қазан, 2018
Қазақстан • 08 Қазан, 2018
Мақсат – елдің әл-ауқатын арттыру
Астана қаласындағы Кәсіподақтар үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кеңейтілген жиналысы болып өтті. Оған барлық салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары, кәсіптік одақтар жүйесінің ардагерлері және басқа да шақырылған ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аймақтар • 08 Қазан, 2018
Басым міндеттерді іске асыруға жұмылады
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына қолдау білдіру мақсатында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында қазақстандық 6,5 миллион адамның мүддесін білдіретін Коалиция мүшелері Жолдауда көрсетілген басымдықтардың маңызына тоқталып, жаңа стратегиялық құжатты іске асырудың нақты тетіктерін айқындады.