Соңғы жаңалықтар
Қаржы • 13 Желтоқсан, 2018
«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ өткізген конкурстың қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) мәжбүрлеп таратылатын «Qazaq Banki» АҚ-да орналасқан жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттеріне кепілдік өтемақы төлеу бойынша банк агент ретінде таңдалды, деп хабарлады бүгін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды
«Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Бастама мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отыр.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018
Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды
Алматыда орта білім беретін мекемелердің «Ұстаз Мәртебесі – Ұлт Мерейі» қалалық байқауының қорытындысы бойынша үзлдіктер марапатталды.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2018
Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді
Жауынгерлік джиу-джитсу өнерінің хас шеберлері, елімізге еңбек сіңірген спорт шеберлері Шыңғыс Қасымов пен Қанат Жақыпбаевтың есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс.
Парламент • 13 Желтоқсан, 2018
Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «China General Technology Holding» (Genertec) холдингі басқармасының төрағасы Лу Йиминді Қазақстандағы автомобиль жасау саласын жаңғыртуды көздейтін инвестициялық ірі келісімге қол қойылуымен құтықтады, деп хабарлайды Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді
Алматыда «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралды және 2019 жылғы қала бюджетіне бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды
Бүгін Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ өмір сүретін адамдарға арналған (АӨА), яғни вирусқа қарсы (АРВ) препараттарды қабылдау уақытын ұмытып кетпеуге көмектесетін POZ.INFO мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді
Қарағанды облыстық мәслихатының ХХ сессиясында депутаттар аймақтың дамуына ерен үлес қосқан үш ардагерге, атап айтқанда Мұзараф Аханов, Қасымбек Медиев және Григорий Презентке «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілуін бірауыздан қолдады.
Футбол • 13 Желтоқсан, 2018
Левандовски мергендер көшін бастады
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық турнирі аяқталғаннан кейін айтулы ұйымның ресми сайтында түрлі аталымдар бойынша ең үздік футболшылардың есімдері аталуда.
Кино • 13 Желтоқсан, 2018
Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды
Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Қызғалдақтар атамекені» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен бойынша түсірілген жобаны «Мерген» студиясы жүзеге асырды.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Жайықта балық қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ
Жайық өзені мен жақын жатқан арналарда балықтың қырылуының жаңа ошағы тіркелмеген, уәкілетті органдар өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Солтүстік Қазақстанда пластикті қайта өңдейтін зауыт пайдалануға берілді
Петропавлда іске қосылған металпластикалық зауыт Қазақстанда қайталама полимерлерді толық өңдей алатын жалғыз өндіріс ошағы болып табылады.
Хоккей • 13 Желтоқсан, 2018
Универсиададағы қарсыластар анықталды
Келесі жылдың наурыз айының алғашқы жартысында Ресейдің Красноярск қаласында XXIX қысқы Дүниежүзілік Универсиада өтеді. Қазірдің өзінде шайбалы хоккейден ерлер арасында өтетін жарыстың жеребесі тартылып, қай команданың кімдермен кездесетіні анықталып қойған.
Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2018
«Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетелдік архивтердің құжаттары» жинағы таныстырылды
Қаныш Сәтбаев университетінде «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетелдік архивтердің құжаттары» құжаттар жинағының таныстырылымы өтті.
Әлем • 13 Желтоқсан, 2018
Анкарада жүрдек пойыз апатынан 4 адам қаза тапты
Анкарада жүрдек пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетті. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, 43 адам зардап шекті. Бұл туралы қала губернаторы Васип Шахин мәлімдеді, деп хабарлайды NTV телеарнасы.
Футбол • 13 Желтоқсан, 2018
Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Швейцарияның Ньон қаласында 2020 жылғы әлем чемпионатының Еуропа құрлығы бойынша өтетін іріктеу турнирінің алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылды.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
СІМ-де ҮАК қызметі жөнінде Ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысы өтті
Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен бірлескен шетелдік елдермен бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысы өтті. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдарының басшылығы, Бас Прокуратура және Ұлттық Банкінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Әлем • 13 Желтоқсан, 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Иран ядролық бағдарламасына қатысты жоспардың орындалуын қолдады
Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын (ЖҚБІЖ) аймақтағы ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түйінді құжаты ретінде қарастырады. Бұл жөнінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық отырысында жария етті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018
Маңғыстау жастары – жаңғыру жолында
Ақтауда Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Маңғыстау жастары – жаңғыру жолында» атты өңірлік жастар форумы өтті. Шараның мақсаты - жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру, жастар көшбасшылары арасындағы диалогтық байланысты қалыптастыру.
Әлем • 13 Желтоқсан, 2018
Муай-тайдан Азия чемпионаты аяқталды
Макаода муай-тайдан өткен Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасы олжалы оралды. Ересектер арасында өткен жарыста 10 жерлесіміз күш сынасып, жетеуі жеңіс тұғырына көтерілді.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018
Солтүстік Қазақстан полиция департаменті ең ашық ведомство болып танылды
«Ашықтық, айқындылық және қолжетімділік үшін» атағына екінші рет ие болған полиция ведомствосына арнайы куәлікті қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырлы Едіресов табыстады.
Футбол • 13 Желтоқсан, 2018
УЕФА Чемпиондар лигасы: 16 үздік анықталды
Бесінші турдан кейін-ақ футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан 12 клуб анықталып қойған еді. Алтыншы турдың бірінші күнінің нәтижесі бойынша тағы үш команда көздеген мақсатына қол жеткізді. Олар – ПСЖ, «Ливерпуль» және «Тоттенхэм».
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Іле Алатауында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
Тұңғыш рет Іле Алатауында аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды.
Кәсіпқой бокс • 13 Желтоқсан, 2018
Мәскеуде үш боксшымыз айқасады
23 желтоқсанда Ресей астанасы – Мәскеуде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыста Қазақстанның төрт бірдей боксшысы шаршы алаңға шығады. Олардың екеуі титулдық бәсеке өткізеді.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018
Алматыда волейболдан «Буревестник кубогы» халықаралық турнирі басталды
Бұл күндері Алматыдағы «АВВ Arena» спорт залында волейболдан ерлер арасында «Буревестник кубогы» деп аталатын халықаралық турнирі өтуде.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018
Алматыда ІІ Жалпыұлттық керлинг фестивалі өтіп жатыр
Бұл күндері «Almaty Arena» спорт кешенінде ІІ Жалпыұлттық керлинг фестивалі өтіп жатыр. Айтулы жарыста Алматы қаласы мен республикамыздың тоғыз облысынан келген командалар сапында 300-ге жуық спортшы өнер көрсетуде.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Qazaq Banki түбегейлі таратылды: Салымшылар ақшаларын қайдан ала алады
«Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Қазақстан жастар құрамасы Канаданың жергілікті клубын жеңді
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Виктория университетінің «Vikes» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Аталған матч қазақстандықтардың айқын басымдығымен аяқталды деп хабарлайды Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Павлодарда Ertis Olympic бассейні салынды
Облыс орталығының Усолка шағын ауданында Олимпиадалық стандарттарға сай келетін жүзу бассейні ашылды.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2018
Еуро-2021: қарсыластар анықталды
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының 2021 жылы Венгрия мен Словенияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.