Соңғы жаңалықтар
Алматы қаласының тұрғыны «Сәтті Жұлдыздың» TeleBingo теледидарлық лотерея ойынында автокөлік ұтып алды. Әлемге әйгілі ойынның бірінші маусымы 22 желтоқсанда басталып, ұтыстармен 7428 адамды қуантты. Жаңа теледидарлық ойында TeleBingo ұйымдастырушылары Bingo ойынымен қоса еліміздегі ең жолы болғыш адамды іздестіреді. Ол үшін 54 апта бойы тікелей эфир студиясына 300 қазақстандық шақырылады. Олардың арасында бүкіл Қазақстан бойынша 5 ойыншы және 1 лотерея таратушысы болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылды цифрлы жинақ жылы деп жариялады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылды табысты аяқтады деп тұжырым жасауға толық негіз бар. Жекелей алғанда қаржылық ұйым жаңа өнімдердің тұсауын кесіп, салымшыларының басым бөлігіне онлайн-қызмет көрсетуге көшті.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 7977 мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған
Статистикалық мәліметке жүгінсек, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша, 13702 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелердің 5725-інде (41,8%) ұжымдық шарт жасалған, ал 7977-інде (58,2%) жасалмаған. Ұжымдық шарт жасалмаған мекемлердің басым бөлігі жекеменшік иелігінде.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Түркістан мен Шымкенттегі кәсіподақтар бір мүддені қорғайды
Мұнан былай Түркістан облысы мен Шымкенттегі 17 салалық кәсіподақ бірігіп, 2052 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 217 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұл туралы аумақтық кәсіподақ ұйымдары өткізген брифингте «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлімдеді.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Көкшетау қаласында Жаңа жылды қарсы алуға да қызу дайындалуда. Мұз қалашықта түрлі бейнелермен бірге əлемге əйгілі əнші Димаш Құдайбергеннің мұздан жасалған мүсіні жұртшылықтың қызығушылығын əрі сүйіспеншілігін тудырып отыр.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Павлодарда 108 тұрғын пәтер кілттерін алды
Облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында екі бірдей көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Ақтөбеде өткен Президент шыршасында балалардың барлық армандары орындалды
Ақтөбеде өтіп бара жатқан жылы жетістіктерімен ерекшеленген ата-ана қамқорынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар, барлығы 202 балдырған үшін Президент шыршасы өтті.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Ақтөбе облысының ауылдарында Жаңа жыл қарсаңында газ құбыры, амбулатория мен балабақша ашылды
Сенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызмет бабымен Хромтау ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты, ауданның дамуымен және мемлекеттік бағдарламаалардың жүзеге асырылуымен танысты.
Еркін күрестен әлем кубогы Якутскіде өтеді
Еркін күрестен 2019 жылғы әлем кубогы жолындағы жарыс Ресейдің Якутск қаласында өтеді. Бұл ақпарат Бірлескен күрес әлемі (UWW) мен Ресей спорттық күрес федерациясының (РСКФ) ресми сайттарында жарияланып отыр.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Алматыда Ұлы даланың жеті қыры мақаласы туралы дөңгелек үстел өтті
Алматыдағы Достық үйінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бастамасымен «Ұлы даланың жеті қыры: прототүркіден қазақ тіліне дейін» атты ғалымдар мен тарихшыларды бір арнадан тоғыстырған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Елбасы мақаласындағы Ұлы даланың тарихына, салт-дәстүріне, өнері мен фольклорына, музыкасына, ұлы есімдеріне, киносы мен телевизиясына, сондай-ақ тарихи сананы жаңғыртуға арналған ұстаным-тұжырымдар сараланды.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Бокс • 25 Желтоқсан, 2018
Жәнібек Әлімханұлы 2 ақпанда айқасады
Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі жекпе-жегін 2019 жылдың 2 ақпанында АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өткізеді. Ал оның нақты кіммен жұдырықтасатыны келесі аптада белгілі болады.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Түркістан қаласында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан «Түркістан-жаңа қала» тұрғын үй алабының іргетасын қалау рәсімі өтті.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Қостанайда өз ауылдасының жылқысын ұрлаған барымташылар ұсталды
Науырзым аудандық полициясының қызметкерлері 6 жылқы ұрлаған ұрыларды жедел ұстады. Малдың иесі өрістен жоғалған жылқысын енді көрем деп ойламап еді. Аудандық полиция бөліміне арыз берген 68 жастағы қария малының ауылдан 25 шақырым жердегі жайылымнан жоғалғандығын айтады. Ол алғашқы үш күн үмітін үзбей, малын өзі іздепті. Сосын нәтиже болмаған соң, полицияға жүгінген. Жоғалған малдың құны бір миллион теңгеге жуық.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2018
Шахматтан ел кубогының иегерлері анықталды
Астанада классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан кубогы жолындағы жарыс аяқталды.
Хоккей • 25 Желтоқсан, 2018
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын өз мұз айдынында өткізген «Барыс» Владивостоктың «Адмирал» клубынан айласын асырды.
Ақтөбе облысының экономикасы бес пайызға өсті
Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының осы жылғы 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Алматыда тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлық жасалды
Алматыдағы Жетісу ауданының кішкентай тұрғындары жаңа жыл қарсаңында түрлі сыйлықтарға кенелді.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
«Астана Опера» балет труппасы итальяндықтарға жаңа жылдық ертегі сыйлады
20 желтоқсан күні «Астана Опера» театры гастрольдік сапарын Карло Феличе Театры сахнасында (Италия) П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетімен ашты. Жиналған жұрт қазақстандық әртістердің би өнеріне, оның кербездігі мен әсемдігіне тәнті болды, спектакльден соң көрермен қауым ғажайыпқа деген сенімді білдіретін жаңа жылдық керемет балет үшін өнерпаздарға алғыстарын білдірді.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру үшін С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Ақтөбе қаласының №70 жалпы білім беретін орта мектептің кітапханасына кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» акциясы аясында классикалық және шетелдік көркем әдеби кітаптар мен журналдар қайтарымсыз берілді.
Әдебиет • 25 Желтоқсан, 2018
«Сал-серілер» сериясымен жарық көрген «Ақан сері» кітабының тұсауы кесілді
Көкшетауда облыстық әкімдіктің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сал-серілер» сериясымен жарық көрген «Ақан сері» кітабының тұсаукесері өткізілді.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2018
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Қарағандыда автобустарға валидаторлар орнатыла бастады
Кеншілер астанасында қоғамдық көліктерге электрондық билеттеу жүйесі қойыла бастады. Тестілік режимде жұмыс істейтін алғашқы валидаторлар №118-шы маршруттағы автобустарға қойылды.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2018
Италияда Этна жанартауының атқылауы басталды
Кеше италияның Сицилия аралында Этна жанартауының атқылауы басталды. Белсенді вулкан салдарынан жер сілкінісі де болды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Қарағандылық балақайлар Президент шыршасында шаттанды
Кеншілер астанасында Президент шыршасы мерекесі ұйымдастырылып, оған облыстағы балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, сонымен қатар оқуда, шығармашылықта және спортта жетістіктерге жеткен 180 оқушы қатысты.
Футбол • 25 Желтоқсан, 2018
Көк теңіздің атын иеленген ақтаулық футбол командасы өзіндік ойын өрнегін көрсетіп жүрген топтың бірі. Желкілдеген жастардан құралған әрі биыл жөндеуден өткен стадионда ойын өткізуге мүмкіндік алған топ ендігі кезекте премьер-лигаға шығуды жоспарлап отыр.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Жедел «Көмек-103» – жұртқа керек ізгі іс
Жаппай жүргізіліп жатқан цифрландыру бағдарламасының оң нәтижесі нақты салаларда өз жемісін бере бастады. Әсіресе аймақтағы дамуы кенжелеп қалған бағыттар үшін бұл бағдарлама тосын күш беріп, игілікке жол ашты. Мысалы, өңірлердегі медициналық қызмет көрсету саласының жұмысына цифрлы басқарудың енгізілуі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың денсаулығын сақтауға жаңаша серпін қосты.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
«Жаңа жылдық Судоку» қойылымын аренаға шығарды
Бұл күндері Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі өз репертуарын таңғажайып трюктермен толықтыру үшін жаңа таланттарды тоғыстыруға көшті.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2018
Кабулдағы шабуыл салдарынан қаза болғандардың саны 43 адамға жетті
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Дәстүрлі медианың өзекті мәселелері талқыланды
Осы жылдың қаңтар айында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша әлемде төрт миллиардтан астам адам ғаламтор қызметін қолданатыны анықталған. Оның тең жартысы түрлі әлеуметтік желілерге тіркелгендер. Мамандар бұл сан 2020 жылға қарай екі есеге дейін ұлғаятынын айтады. Ал еліміздің тұрғындары ғаламтор қызметін қолдану бойынша 137 мемлекеттің ішінде 36-орыннан көрінген. Дәстүрлі медиа бұл жаңалықтарға қаншалықты тойтарыс бере алады? Болашақта телеарналар мен радиолар, газет-журналдар ақпарат кеңістігіндегі орнын сақтап қала ала ма?