Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Жас сарбаз» қозғалысы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру ісін дамыту қажеттігін баса айтты. Президент осы орайда Үкіметке 2025 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Jastar jyly el damýyndaǵy mańyzdy ózgeristerdiń alǵysharty bolatyny anyq. Bulaı kesip aıtýymyzdyń birneshe sebebi bar. Taıaýda Elbasy Nursultan Nazarbaev elimizdiń mańdaıaldy jastarymen kezdesip, mańyzdy birqatar baǵyttardy atap kórsetti.
Елімізде алып мегаполисте қоғамдық көлік саласындағы реформалар нәтижелі жеміс бере бастағандай. Бірер жыл бұрын қолданысқа енген «Оңай» электронды билеттер жүйесі, қоғамдық көліктерге арналған арнайы жол белгілері мен Еуро-5 санатындағы жаңа автобустар біраз түйткілді мәселенің түйінін шешкендей болғаны рас. Мемлекет тарапынан бөлінген субсидия шаһардағы тасымалдаушы компаниялардың тасын өрге домалатып-ақ тұр.
Әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға ел болып кіріскен жөн
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның даму жолындағы атқарылатын міндеттерге жыл сайын Жолдау арнап келеді. Елбасының әр жылдардағы халыққа арнаған Жолдауы Қазақ елінің кемел келешегін бағдарлауымен, әлемдік аренада беделін бекемдеуімен, ел дамуының жаңа көкжиектерін айқындауымен құнды.
Өңірдегі көлік ағыны қырағы бақылауда
Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Полиция департаменті өз қызметкерлерінің күнделікті қызметіне сандық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, өткен жылдың соңын ала Қордай ауданында құқық қорғау органдары жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелілігін арттыруға бағытталған «Автоураган» төрт аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істей бастаған болатын.
Жол апаты алдын алғанда ғана азаяды
Өткен 2018 жылы жол-көлік апатынан елімізде 2 мыңнан астам адам көз жұмып, 20445 адам түрлі жарақат алған екен. Бұл – Қазақстанның Ауғанстанда болған 10 жылдық соғыста жоғалтқан адамдарының санынан да көп, дейді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев өзінің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жолдаған сауалында.
Он жыл тұрған үйіне әкімдік таласып отыр
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2018 жылғы 21 ақпандағы санында «Ауыл тұрғыны араша сұрайды» тақырыбымен Астананың іргесіндегі Жібек жолы ауылының тұрғыны Тілеулес Әубәкіровтің баспанаға қатысты мәселесін көтерген болатынбыз. Онда жасы сексенге таяп қалған Тілеулес ақсақалдың бірнеше жылдан бері тұрып жатқан үйінен айырылып қалғалы тұрғанын жазғанбыз. Арада тура бір жыл өткенде Т.Әубәкіров аталған мәселенің әлі шешімін таппағанын айтып, редакцияға келді.
Білім • 28 Қаңтар, 2019
Бүгінде қоғамның барлық мүшесіне айқын бағдар беретін мұраты биік мұғалімнің қадір-қасиетін арттыруда өзекті мәселе жетерлік. Бұл туралы бас басылым бетінде кеңінен әрі өткір материалдар жиі жарық көріп, тиісті ведомстволардан арнайы іс-шаралар да қабылданып жатады. Еліміздегі игілікті шаралардың қатарында былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Педагог мәртебесі туралы» заңды айтуға болады. Аталған заң жобасы бүгінде қызу талқыланып, түрлі ұсыныстар айтылып жатыр. Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында да «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына арналған дөңгелек үстел өтті. Парламент депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жаңа заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, салалық кәсіподақ, мектеп және білім беру орталықтарының басшылары, мұғалім, психолог сияқты білім саласының біршама өкілі заң жобасына енгізілуі тиіс ең өзекті мәселелерді талқылады. Басқосу негізінен жаңа заң жобасын жетілдіре түсуге қажетті ой-пікірлер мен ұсыныстарды ортаға салды. Мұғалім мәртебесінің артуының бір ғана министрлік мойнында емес, басқа да көптеген орталық және атқарушы органға, қоғамға, отбасы институтына тәуелді жақтары сөз болып, нақты ұсыныстар айтылды.
Ақтөбе қаласындағы «Өнер орталығы» концерт залында өткен музыкалық кеште Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филормонияның 25 әншісі рекорд жасады. Олар әр 20 минут сайын 150 мәртеден «Ақтөбе» сөзін әнге қосып, бір сағатта 450 рет «Ақтөбе» деп айтты. Бір қызығы, мұндай оқиға еліміздің ешбір қаласында болмаған.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Шығыс Қазақстанға 2018 жылы оңтүстік өңірлерден 608 отбасы көшіп келді
Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасында ерекше маңыз берілген ішкі көші-қон үдерісін реттеу, еңбек ресурстарының теңгерімдігін арттыру міндеттері Шығыс Қазақстан облысында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Аударма • 27 Қаңтар, 2019
Шекарада қаза тапқан мигранттар
Техас штатындағы Брукс ауданының орталығы Фалфурриастан таяу маңдағы шекараға дейін көлікпен бір жарым сағат уақыт кетеді.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Павлодарға қарасты Кенжекөл ауылы жартылай жарықсыз
Облыс орталығына қарасты Кенжекөл ауылдық аумағының әкімі Серік Шуақбаев тұрғындар алдында есеп берді. Өткен жылғы жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарларын таныстырды.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Павлодардағы музейде «Жастар залы» ашылды
Облыс орталығындағы Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде ашылған бұл зал талантты жастарды қолдайды.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2019
Білім және ғылым экс-вице-министрі А. Аймағамбетов жақында магистратура мен доктарантураға түсудің ережелеріне өзгерістер енгізілгенін жариялаған еді. Ондағы жаңа талаптар сөзсіз ғылым сапасы мен ЖОО бәсекелестікті арттыруға, сондай-ақ үнемі қоғам талқысынан түспей келе жатқан гранттардың ашық та әділ бөлінуі төңірегіндегі күдікті ойға нүкте қоймақ.
Кәсіпқой бокс • 27 Қаңтар, 2019
Аида Сатыбалдинова кәсіпқой бокста бесінші рет жеңіске жетті
Тихуанадағы (Мексика) Auditorio Municipal спорт кешенінде қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың (4-1-1, 2 КО) жекпе-жегі өтті деп хабарлайды Sports.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды
Қарағанды қаласында жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған сайт іске қосылды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 27 Қаңтар, 2019
Мәскеуде Ленинград блокадасына арналған акция өтті
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі қызметкерлері «Чистопрудный» бульварында «Қазақстандық нан блокадалық Ленинград үшін» акция ұйымдастырып, 872 бауырсақ таратты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Алматы облысының полицейлері ұрланған малды иесіне қайтарды
Облыстың Алматы қаласы маңындағы аудандарында қылмыстың көбейіп тұрғанын бұған дейін де жазған едік. Дерек бойынша, мегаполиспен шекаралас елді мекендерде ұрлық жасау фактілері жиі тіркеледі екен.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2019
ҚМДБ «Халал даму» мен Ұлттық сараптама орталығы меморандумға қол қойды
Қазақстан мұсылмандарының бас ордасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Б.Есмаханның төрағалығымен Ұлттық сараптау орталығы мамандарының қатысуымен халал индустриясын дамытуға, лабораториялық жұмыстарды жандандыруға арналған алқалы мәжіліс өтті. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.
Әлем • 27 Қаңтар, 2019
Бразилияда қаралы күн жарияланды
Бразилияның Минас-Жерайс штатының кен бөгетінде болған апат кезінде 40-тан аса адам опат болды. Штатта үш күнді қаралы күн деп жариялады.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Жанкүйерлер Халық Аренаға Денис Теннің атын беруді ұсынды
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанкүйерлері Алматыдағы «Халық Арена» кешеніне спортшының атын беруді ұсынды.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Семейде «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі өтті
Алаштың рухани астанасы саналатын Семей шаһарында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтті.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2019
Қазақстандық боксшы WBC чемпионы атанды
Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов (7-0, 7КО) WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2019
Қазақстанда алғаш рет «PATA» халықаралық туристік көрмесі өтеді
18-20 қыркүйек күндері Астанада «PATA Travel Mart» атты халықаралық көрме өтеді. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Астанада Jastar Synergy хабы құрылады
Жастар хабы шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру орталығы болмақ. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Бақыт Сұлтанов Астанадағы құрылыс нысандарын аралады
Астана әкімі қалада салынып жатқан екі мектептің, екі тұрғын үй кешенінің және экоқалашықтың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019
Көліктік карталарды қашықтықтан толтыру қызметі уақытша қолжетімді болмайды
Қызмет техникалық жұмыстарға байланысты бір тәулікке ажыратылатын болады. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2019
Өндірістік тыңшылық: технологияға талас жалғасуда
Тарихи деректерде б.з.д. 300 жылдары жапондықтар жібек өндіру үшін Қытайдан жібек құртының жұмыртқаларын ұрлап кеткені жазылған. Ал былтыр АҚШ өз технологияларының құпиясы мұхит аспау үшін Қытайдың Phd студенттерінің визасын қысқарта бастады. Яғни, ғасырлар өтсе де ғылыми жаңалықтарды, техника сырын ұрлау ісі жалғасып келеді.
Қысқы спорт • 27 Қаңтар, 2019
Дмитрий Рейхерд әлем кубогінде үздік үштікке енді
Канаданың Монт-Тремблан қаласында фристайлдан әлем кубогі кезеңі аяқталып, қазақстандық Дмитрий Рейхерд үздіктер қатарына енді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.