
Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2023
Дәстүрлі әдебиет: Шындықпен бетпе-бет
Сонымен, Мұхтар Мағауиннің «Көк мұнар» романындағы Едігенің: «Он тоғызыншы ғасырда орыс романдарының Еуропаны басып кеткені тәрізді, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінде қазақ романдары бүкіл жер жүзін жаулап алады» деген болжамы жүзеге аспады. Бас кейіпкер Едіге Мұхтар Мағауиннің өзі десек, бұл жай болжам болып қана қалмауға тиіс еді. Енді келіп жазушының аяғы жеткен жерге, романдары жетпегені өкінішті сияқты көрінеді. Бірақ ол жазушының өзіне ғана қатысты шаруа емес.
Әдебиет • 17 Мамыр, 2023
Тоқсаныншы жылдар шамасында басталған постмодернистер дүрмегі әдебиетімізде қандай айтыс-тартыстар тудырғанын әлі ұмыта қойғамыз жоқ. Бүгінгі күні ондай қозғалыс болмағандай жым-жырт қоя салғанымыз басқаны қойып, әдебиет тарихы үшін де обал. Қайткенмен де олар ақын-жазушылардың ортасында ғана емес, қалың оқырман арасында да талқыға түскенін көзіміз көрді емес пе. Оларға әртүрлі саяси ұстанымда болғанымен, өздерін жаңа көзқарастағы адамдар санайтын жекелеген тұлғалар да қызығушылық танытқанын іштей біліп те жүрдік. Соцреализм тұсында қалыптасқан, бірақ ұлттық болмысын жоғалтпаған дәстүрлі әдебиеттің күні біткендей өрекпігеніміз де есімізде. Олар дәстүрлі әдебиетіміздің Мұхтар Мағауин, Асқар Сүлейменов, Сайын Мұратбеков сынды талантты өкілдерін қалқан етіп ұстады.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2023
Әлемді жайлаған идеясыз шындықтар және аманат арқалаған «Бөрте» лиротрагедиясы
Драматургтер шығармасы сахнаға жол тартқаннан бастап, басқаларға тәуелді болып қалады. Режиссерден тартып, актерлерге дейін бәрі пьесаға өзгеріс енгізгісі келеді. Олар енгізген бояуды, көңіл күйді, эмоцияны, атмосфераны, бәрін-бәрін қабылдауға көнесің, көнуге мәжбүрсің. Кейбір драматургтер сахнадан өз шығармасын өзі танымай қалады деседі. Ондай драма кез келген жерінен қысқарта берсе, мазмұны өзгермейтін бостекі роман секілді. Нағыз драма қол батпастай тығыз болуы керек.
Әдебиет • 09 Наурыз, 2023
Жалған Пафос немесе қазақ өлеңіне суицидтік сарын қайдан келді?
Абай туралы ең көп айтылатын сөз қайсы? «Абайдың қозғайтыны – іштің қайғысы». Байқайсыз ба, бұл өте ыңғайлы позициядан айтылған сөз. Ешкім жоққа шығармайды, дауласпайды. Сөзсіз мойындалған пікір кейде әдебиетте қауіпті болады. Әрі қарай ойлай алмайсың, ойыңды дамыта алмайсың. Ал бұған біздің аздаған уәжіміз бар.