Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Футбол • 15 Маусым, 2023

Солтүстік Ирландияны жеңе аламыз ба?

Ұлттар лигасының былтырғы маусымында Еуропа футболын таң қалдырып, мамандар назарын өздеріне аудартқан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті тур ойындарын өткізу үшін кәрі құрлыққа аттанды. Ертең түнде Магомед Адиев шәкірттері Италияның Парма қаласында Н тобының аутсайдері Сан-Мариномен кездессе, араға үш күн салып (19 маусымда), Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасымен ойнайды.

Спорт • 12 Маусым, 2023

Мергендердің мүмкіндігі қандай?

Олимпия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінің тарихына көз жүгіртер болсақ, көп спорт түрі Олимпиаданың ажырамас бөлігіне айналғанын байқаймыз. Солардың бірі – нысана көздеу спорты. 1896 жылы алғаш рет Афинада ұйымдастырылған Жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасына енген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін нысана көздеу спортынан жүлделер сарапқа салынып келеді. Тек 1904 және 1928 жылдардағы ойындарды есепке алмағанда.

Футбол • 05 Маусым, 2023

Үздіктер ұпайдан шашау шығарған жоқ

Футболдан Еуропа мемлекеттерінің ішкі біріншіліктері аяқталған тұста Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) ойындары бел ортасына таяды. Өткен сенбі-жексенбі күндері командалар ел чемпионатының 12-тур ойындарын өткізді. Турнир кестесінің көш басында келе жатқан «Астана», «Ордабасы», «Ақтөбе» сынды клубтар бұл турда да маңызды үш ұпайларына қол жеткізсе, «Қызылжар» қатарынан үшінші ойында жеңіліп, турнир кестесінде төртінші орынға түсіп қалды.

Спорт • 05 Маусым, 2023

Академиялық ескек есу: Олимпиада жолдамасы қалай бөлінеді?

Бұған дейін уәде еткеніміздей, ал­дағы Париж Олимпиадасының бағдарламасына енген спорт түр­лерінің жолдамасы қалай және қан­дай жарыстарда берілетіні туралы мақалаларымыздың легін бастаймыз. Алғашқы материалымыз академиялық ескек есу туралы болмақ. Спорттың бұл түрінен Париждегі Олимпия ойындарының сайыстары жаңадан бой көтеріп жатқан Вер-сюр-Марне спорт кешенінде өтеді.

Бокс • 01 Маусым, 2023

Жеңімпаздарға – 100 мың доллар

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қаржылай сыйақымен марапаттады.

Спорт • 01 Маусым, 2023

Париж Олимпиадасы: Кімде жолдама бар?

Көбіміз Олимпия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінің ережесін жақсы білгенімізбен, спортшыларға төрт жылдықтың басты додасына жолдамалар қалай, қандай жарыстарда берілетінін біле бер­меуіміз мүмкін. Сондықтан алдағы уақытта Париж Олимпиадасында жүлделер сарапқа салынатын 32 спорт түрінің іріктеу жарыстары қалай және қашан өтетіні туралы егжей-тегжейлі жазуды жөн санап отыр­мыз. Алдымен, бүгінге дейін қай ел қанша жолдама алып үлгергені туралы аз-кем мәлімет бере кетсек.

Теннис • 31 Мамыр, 2023

Рыбакина – екінші айналымда

Теннистен «Үлкен дулыға» санатын­дағы Франция ашық чемпионатының кезекті жарыс күнінде үш отандасымыз кортқа шығып, тек Елена Ры­ба­ки­на ғана келесі айналымға жолдама алды.

Спорт • 29 Мамыр, 2023

Кавендиш – жеңімпаз

«Astana Qazaqstan Team» командасының ұлыбританиялық ардагер велошабандозы Марк Кавендиш Римде мәресіне жеткен әйгілі «Джиро д’Италия» жарысының соңғы кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді. «Астана» велоклубының қатарын жыл басында толықтырған 38 жастағы спортшы Италиядағы гранд-тур тарихында кезең жеңімпазы атанған ең егде велошабандоз атанып отыр. Бұған дейінгі рекорд кезінде «Астана» сапында бақ сынаған италиялық Паоло Тиралонгоға (37 жас) тиесілі еді.

Бокс • 28 Мамыр, 2023

Бостандық аралынан қашқан боксшылар

Бокстан Куба ұлттық құрамасы бүгінге дейін Олимпия ойындарының 78 медалін (41 алтын, 19 күміс және 18 қола) жеңіп алған екен. Бұл – боксты спорт емес, ұлттық өнер деп бағалайтын мемлекет үшін керемет көрсеткіш. Егер Куба боксшылары саясаттың арбауына түспей, Лос-Анджелес (1984) пен Сеулдегі (1988) олимпиадаларға қатысқанда, жүлделер саны бұдан да көп болуы мүмкін еді. Бірақ қазіргі таңда Куба қабыландарының аңсары Олимпиадаға емес, кәсіпқой боксқа ауа бастады.

Теннис • 28 Мамыр, 2023

Негізгі кезеңде ойнайды

Еліміздегі үздік теннисшілердің бірі Тимофей Скатов Францияда жалауы­ желбіреген «Үлкен дулыға» сана­тын­дағы Ролан Гаррос турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.