Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
72 материал табылды

Экономика • 15 Желтоқсан, 2023

«Астрахан – Маңғышлақ»: қайта жаңғыртылған құбыр

Бір емес, екі бірдей облыстың орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры қайта жөнделіп, іске қосылды. Осылайша, құбырдың қуаттылығы 1,5 есе артты. Пайдалануға берілген 177 шақырым құбыр Атырау және Маңғыстау облысының, сондай-ақ Жаңаөзен қаласының ауыз суға қатысты қажеттілігін өтейді.

Тарих • 15 Желтоқсан, 2023

Нұрым Ерғалиев: Сол күнгі жел де ызғарлы еді

Қазақ елінің шежірелі тарихында Желтоқсан көтерілісінің алар орны ерекше. Алаңға шыққан асқақ рухты жастар озбыр­лық саясатқа қарсылығын бейбіт шеру арқылы білдірмек еді. Алайда бәрі басқаша өрбіді. Тіпті қазақ жастарының шеруі әлем назарын аударды. Бірақ әлі күнге дейін айтылмаған дерек аз емес.

Қылмыс • 14 Желтоқсан, 2023

Браконьерлер айылын жияр емес

Атыраудағы тамыры терең қылмыстың бірі – браконьерлік. Жыл са­йын көктемде және күзде «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілгенімен, бағалы бекіре тұқымдас балықтарға қырғидай тиетін браконьерлер қатары азаяр емес.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023

Бәріне кінәлі қабыршақ мұз

Коммуналдық сала өкілдерінің сыналар шағы басталды. Атырауда ауа температурасы күрт төмендеп еді, сумен қамту мәселесінен ши шыға жаздады. Дәлірек айтқанда, тұрғындар бір тәулікке жуық сусыз отырды.

Табиғат • 08 Желтоқсан, 2023

Каспий сағасындағы қорық

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына шетелдік туристер жиі келеді. Өйткені Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасына таяу орналасқан бұл қорықта құстың 292 түрі кездеседі. Сирек құстың 36 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер де бар.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023

Тоғыз күдікті ұсталды

Қылмыстың өтеуі – жаза. Әсіресе мал ұрлағандарға қарсы қолданылатын жаза қатаңдатылғанымен, төрт түлікті қорадан да, өрістен де қолды ететіндер азаяр емес. Мәселен, Атырау облысында жыл басынан бері 24 мал ұрлығы тіркелген.

Кәсіпкер • 24 Қараша, 2023

Кәсіпкерліктің кедергілері

Нарықтың талабымен шағын және орта кәсіпкерлікке бет бұрғандар аз емес. Өйткені мемлекет тарапынан бұл саланың кең қанат жаюына барынша қолдау көрсетіліп келеді. Алайда жергілікті атқарушы органдар әлі де кәсіпкерлерге кедергі келтіруін доғармай отыр.

Аймақтар • 24 Қараша, 2023

Интернетті аңсаған ауылдар

Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған цифрлы дәуірге қадам бассақ та әлі интернеттің игілігіне қол жеткізбеген елді мекендер бар. Мәселен, Атырау облысындағы 153 ауылдың 19-ы әлі интернетке қосыла алмай отыр. Демек, бұл ауылдардағы тұрғындар теледидарға телміріп, апталап кешігетін газет-журналдарды тағатсыздана күтеді.

Аймақтар • 23 Қараша, 2023

Мұғалімдерге – жайлы баспана

Елімізде кадр жетіспейтін, білім сапасы төмен өңірлерге үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама іске асырылып жатыр. Биыл аталған бағдарлама аясында Атырау облысында жұмыс істеуге 10 мұғалім ниет білдірген.

Кәсіпкер • 22 Қараша, 2023

«Жібек» өңдеген жүн

Ауылда да кәсіп ашқан іскер жандар бар. Соның бірі – Махамбет ауылында тұратын Шолпан Торбаева. Жақында ол жүн өңдеп, күнделікті тұрмыста қолданылатын құрақ көрпе, қыз жасауын шығаруды қолға алды.