
Спорт • 13 Қазан, 2023
Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты мәресіне жетті
Астана қаласында пара хоккейден елімізде алғаш рет өтіп, мәресіне жеткен әлем чемпионатына Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония Қазақстан құрамалары, яғни 6 команда қатысты, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 12 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы SpaceX корпорациясының өкілімен кездесті
Мемлекет басшысы SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесуде SpaceX ғарыш телекоммуникациясы саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Марапат • 12 Қазан, 2023
Қорғаныс ведомствосы Азиада жеңімпаздарын ұлықтады
ХІХ жазғы Азия ойындары додасында топ жарған армия спортшыларының қатысуымен өткен салтанатты шарада Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов спортшыларды құттықтап, ел жетістігіне қосқан көрнекті үлестері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 12 Қазан, 2023
Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумының бас пленарлық отырысынан кейін ҚР Премьер-министрінің қатысуымен Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 12 Қазан, 2023
Түркістан Түркі әлемінің туристік астанасы атанды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей аталған облыс орталығында бүгін түркі елдерінің туристік форумы басталып, оған Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы орынбасары, Түркістан облысы мен Қоқан қаласының әкімі, Туризм және спорт министрлігі, түркі елдерінің туризмге қатысты министрліктері мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, туризм саласының және қоғамдық қауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2023
Президент: Жасанды интеллектіні дамыту үшін стратегиялық құжат қабылдау керек
Мемлекет басшысы Digital Bridge форумындағы баяндамасы барысында жасанды интеллектіні қолдану аясын және оны дамытудың міндеттері мен құралдарын айқындайтын стратегиялық құжат қабылдау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Қазан, 2023
«Қазақстан» шахтасы: 106 жұмысшы шұғыл эвакуацияланды
11 қазанда «Қазақстан» шахтасында болған өрт орнында жұмыстар жүргізіп жатқан жұмысшылар оқиға орнында температураның шамадан тыс көтерілуі себебінен шұғыл түрде жер бетіне шығарылды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 11 Қазан, 2023
«Салафизм елге қауіп төндіріп тұр» - депутат тағы дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұлттық мүддемізге қатер төндіріп тұрған салафизм туралы айтып, тағы дабыл қақты. Ол аталған мәселені шұғыл реттеу қажет екенін еске салып, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Қазан, 2023
12 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Қазан, 2023
Ұлттық ұлан авиациясы Ауғанстанға көмек көрсетеді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін күштік ведомстволардың өкілдері, оның ішінде ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.