Ауыл • 07 Желтоқсан, 2023
Қазалы ауданында кеңес одағының батыры Үрмәш Түктібаев есімін иеленген ауыл бар. Әдепкіде іргесі қаланғанына келер жылы 85 жыл толатын осы байырғы жұрттың өзге елді мекендерден көп айырмашылығы жоқтай көрінетіні бар.
Театр • 07 Желтоқсан, 2023
Қызылордаға М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен келді. Сапардың алғашқы күні Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында ғасырлық тарихы бар өнер ұжымының көркемдік жетекшісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, театр директоры Еркін Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Шынар Жанысбекова, Асылбек Боранбайлар баспасөз конференциясын өткізді.
Жоба • 06 Желтоқсан, 2023
Сыр өңіріне іссапармен келген Көлік министрі Марат Қарабаев облыстағы жол-көлік инфрақұрылымы нысандарымен танысып, жұртшылықпен жүздесті. Министр мен тұрғындар кездесуінде саладағы жобалар талқыланды.
Жәдігер • 06 Желтоқсан, 2023
Сақ жауынгерінен Сығанақ ханшайымына дейін
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі мұралар қатарына Шірік-Рабаттан шыққан сақ жауынгері мен Алтын Орда кезеңіндегі Сығанақ ханшайымы қосылды.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2023
«8 млн алған». Отбасымен алаяқтықты кәсіп қылғандар ұсталды
Қызылордада ерлі-зайыптылар алаяқтықпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Қызылордада «Анаға тағзым» атты үшінші республикалық Аналар форумы өтті. Үшінші рет ұйымдастырылған форумға жан-жақтан жиылған қонақтар жуырда ғана ашылған «Анаға тағзым» орталығында бас қосты.
Кәсіпкер • 04 Желтоқсан, 2023
Қосалқы шаруашылықтарды қолдау
«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін биыл Қызылорда облысына 3 млрд теңге қаржы бөлінген. Бағдарламадағы негізгі 5 бағыт бойынша жүздеген жобаға қолдау көрсетіліп, 636 жаңа жұмыс орны ашылады.
Шаруашылық • 30 Қараша, 2023
Ел ішін аралап, егіншімен де, малшымен де кездесер сәтіміз көп. Сондайда байқалатыны – ауыл шаруашылығы саласында жастардың аздығы. Жерге дән сепкен диқан мен түлік түлеткендердің дені – зейнет жасына жақын қалғандар. Бұл саладағы агроном, ветеринар, зоотехник сынды мамандар арасында да егде тартқандарды көбірек көреміз.
Жастар • 30 Қараша, 2023
Жастар және мемлекеттік қызмет
Биыл Қызылордада алғаш рет «Парасат жолы» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді. Жас мемлекеттік қызметшілерді мәдени-көпшілік, интеллектуалдық және спорттық іс-шараларға қатыстырып, нетворкинг алаңын құруға, қолдауға бағытталған жоба аясындағы іс-шараларға мыңнан аса мемлекеттік қызметші қатысты.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Халық тарихындағы билер институтын медиация мүмкіндіктері арқылы заманауи жаңғырту – уақыт талабы. Өйткені қазіргі таңда әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам қалыптастырудағы медиацияның рөлін арттыру маңызды сұрақтардың қатарына шығып отыр. Жалпы, сан алуан дау-жанжалдарды, тіпті орта дәрежелі қылмыстық істерді де сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен шешу елімізде кең тараған үрдіс екені анық.