Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
675 материал табылды

Кино • 17 Қазан, 2023

Кинотеатрда – «Келінжан-2»

Көпшілікке танымал «Келінжан-2» комедиясы 19 қа­заннан бастап кинотеатрлардан көрсетіле бастайды. Продюсер Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша, сценарийде қызықты оқиғалар көп, тіпті алдыңғы түсірілген бірінші фильмнен де ерекше шыққан.

Қоғам • 17 Қазан, 2023

Нұрғиса Тілендиев жылы

Әзербайжанның Шуша қаласында ТҮРКСОЙ-дың Тұрақты кеңесінің 40-отырысы өтті. Оты­рысқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ұйымға мүше мемлекеттердің өкiлдерi қатысты.

Мәдениет • 15 Қазан, 2023

Қазақ оркестрінің жаңа маусымы

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі XXVII концерттік маусымын «Астана – өнер ордасы» бағдарламасымен ашты. Сазды кеште қазақ және әлем композиторларының таңдаулы шығармалары орындалды.

Мәдениет • 11 Қазан, 2023

Асыл қазынаны ардақтап

Өткен аптада Жамбыл облысы Шу ауданында «Мәдениет – асыл қазынам» атты мәдениет күндері өтті. Ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін айқындайтын іс-шараға облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, меценат Болат Сауранбаев, ақсақал Қасымхан Төлендиев, бүгінде бокстан ел мақтанышына айналған Батыр Жүкембаев сынды атақты шулық азаматтар қатысып, торқалы тойдың куәсі болды.

Көрме • 09 Қазан, 2023

Ақанаевтың айшықты көрмесі

Ұлттық музейде «Амандос Ақанаевтың әлемі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Аталған іс-шара Көркем академияның президенті Амандос Ақанаевтың 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Экспозицияға суретшінің кейінгі жылдары салған және қалың көпшіліктің назарына ұсынылып үлгермеген 60-тан астам туындысы қойылды.

Театр • 03 Қазан, 2023

«Қозы мен Баянға» бас жүлде бұйырды

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­калық драма театры Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» музыкалық драмасымен Бішкек қаласында өткен «АРТ-ОРДО – 2023» халықаралық театр фестиваліне қатысты. Биылғы фестиваль КСРО Халық әртісі, қырғыз халқының көрнекті театр­ және кино актрисасы Бакен Қыдыкееваның 100 жылдығына арналды.

Көрме • 29 Қыркүйек, 2023

Қазақ туындысы – Лондонда

Лондон төрінде Гүлнұр Мұқа­жа­нова мен Айғана Ғалидың жеке көрмесі өтіп жатыр. Three Highgate галереясында өткен «La Makan, Cosmic Corporeality» көрмесінде суретшілер ата-баба тарихынан сыр шертіп, қазақ мәдениетін таныстырады.

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2023

Жасын ғұмыр жарқылы

Елордада көр­некті жазушы, драматург, Мем­лекеттік сый­лық­­тың лау­­реаты Орал­хан Бө­­кей­дің 80 жыл­дық ме­рей­тойын атап өту іс-ша­ра­лары жалғасып жатыр. Еске салсақ, қа­ламгердің өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғына арналған көр­меден басталған іс-ша­ралар легі дөңгелек үс­тел басындағы рухани жи­ын­ға ұласқан еді.

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2023

Кофе және әдебиет 10

Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып, Тұрсынжан Шапайдың әйгілі «Мақтанға мадақ» мақаласы еске түседі. Сыншының сыпайылап сыбаған сөздеріне еріксіз сылқ-сылқ күлесің. Бұл бір марқайған, мәз болған, тоқ күлкі емес – ашынған, күйінген күлкі.

Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2023

Ұлттың мұңы – қара түс

Сұлулыққа бәрі құштар. Әдемі картинаға да сан түрлі бояулардың үйлесімін көру үшін қараймыз. Суретшінің талантынан туған бояулар толқыны көңілге бір жылылық сыйлайтындай елегізиміз. Қарап тұрып өз әнімізді тыңдағымыз келеді. Дыбыссыз музыкаға қимылсыз билегіміз келеді. Бәрі эстетикалық ләззат алу үшін.