Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
73 материал табылды

Мәдениет • 16 Қараша, 2023

Сыбызғы сазы

Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшетін көшпелі қазақ әрқашан табиғатпен етене жақын өмір сүрді. Әртүрлі құбылатын табиғаттың дауысына, үніне үңілді, жанын түсінді. Жүгірген аңның, ұшқан құстың, жел-дауылдың, жаңбырдың, сықырлаған аяздың дыбысы қазақтың құлағына сіңіп өсті. Табиғаттың тылсым көріністеріне қанық ата-баба тұрмысында музыкалық аспаптардың көп болуы да осыдан болар. Мәселен, халық музыкасында үрлемелі аспаптардың алатын орны үлкен. Бұл аспаптарды ағаштан, қамыстан, сүйектен, мүйізден, мыстан және саз балшықтан жасаған. Мәселен, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, бұғышақ, мүйіз сырнай, қамыс сырнай, мессырнай...

Қоғам • 15 Қараша, 2023

Композитордың фотоальбом-кітабы

Жуырда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлінің фотоальбом-кітабы жарық көріп, көпшілікке таныстырылған еді. Композитордың су жаңа фотоальбом-кітабында бұрын-соңды басылым беттерінде жарияланбаған түрлі кезеңдеріндегі фотолары, халыққа кең тараған әндері ноталарымен және әнші-ақындардың суреттерімен қоса берілген. Әнсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген композитор шығармашылығы туралы белгілі қайраткерлердің жылы лебіздері де ұсынылған.

Мәдениет • 09 Қараша, 2023

Маңғыстау мәдениетінің мәйегі

Маңғыстау мекені өнер-мәдениетімен, тосын мақамымен дараланып тұрады. Оған күні кеше ғана Арқа төсіне – Алаш төріне әнін айтып, күйін тартып келген маңғыстаулық өнерпаздарды тамашалап, кезекті рет куә болдық. Астана қаласының 25 жылдығы мен Маңғыстау облысының 50 жылдығы аясында өткен «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі!» атты мәдени күндерінде бір сәт киелі мекенге сапар шегіп қайтқандаймыз. Өңір делегациясын облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев сынды ресми тұлғалар мен ел ағалары, өнер қайраткерлері бастап келді.

Өнер • 06 Қараша, 2023

Биіктік

Биіктік! Табылды Досымовтың «Биіктігі» гитараның шегіне түсіп, ән болып алғаш шырқалған сәттен бастап тыңдаған жанның кеудесінде аяулы бір белгідей жатталып қалды. Содан бері Табылдыны танитын жұрт үшін «биіктік» ұғымы, тек Табылдыны еске түсіреді. Зеңгір көк аспанды, тауды өмірі көрмеген, табаны тимеген Атырауды, таулары жоқ төбелерді елестетеді. Әуезді әні іштен ыңылдап шығып, әлдебір жақтан Табылдының даусы естіледі.

Кино • 06 Қараша, 2023

«Азия Оскары»: Үш жүлде бұйырды

Аустралияда Asia Pacific Screen Awards беделді Азия киносыйлығының биылғы жеңімпаздары анықталды. Түрлі аталым бойынша жүлдеге іліккен туындылар арасында Қазақстан режиссерлерінің үш фильмі бар.

Театр • 05 Қараша, 2023

«Қорқыттың» қуанышы

Бакуде Әзербайжан мемлекеттік ұлттық театрының 150 жылдығына және жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына, Шуша қаласының 2023 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жариялануына, сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына 30 жыл толуына орай өткен І Халықаралық театр фестивалінде қазылар алқасының шешімімен Түркістан музыкалық драма театры «Ең үздік пластикалық қойылым» аталымын иеленді. Марапатты театр ұжымына ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев табыстады.

Саясат • 23 Қазан, 2023

Кітапханашы – мерейлі мамандық

Кітап оқитын ұлттың руханияты да, мәдениеті мен әдебиеті де берік болары сөзсіз. Адамзатты игілікке бас­тайтын, ақыл-ойдың тамыршысы кітапқа деген қоғамның құрметі де әрқашан биік болмақ. Осы ретте рухани ордаға баланған кітапханалар мен олардың шырақшысына ай­нал­ған кітапханашылардың рөлі басым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына, заманауи сапасына, ақылды ұлт қалыптастыру жолындағы жоспарына ерекше маңыз қойып, тоқталып отыр. Биыл екінші рет тойланып жатқан Кітапханашылар күні – осы салаға деген сындарлы істің нәтижесі.

Әдебиет • 19 Қазан, 2023

Неге екенін білмеймін...

Биыл ғасырлық тойы атап өтіліп жатқан көрнекті жазушы Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндердегі» атаққұмар Уәлиді, «Махаббат мұңындағы» жауапсыз Ниязды, «Борандағы» әділетсіз Қасболатты, жауыз белсенді Жаппасбайды білмейтін оқырман кемде-кем. Бұл кейіпкерлердің бәрі де сыншыл суреткердің туындыларындағы өмір шындығының қарама-қайшылықты сипатын береді. Сол уақыттың ақиқаты мен жалғанын, сол қоғамның даңқы мен дақпыртын, дертін көрсетеді. Сөйте тұра автор қаламы лирикалық сыршылдық сарыннан да алыс емес. Тіпті жазушының адам жанының терең иірімдеріне үңіліп, үміті мен өкінішін, сезімі мен әсерін қозғайтын кей шығармаларын көп жұрт біле бермейді. Сонау 1960 жылы жазылған шап-шағын «Ол солай еді» әңгімесі де оқырманға беймәлім болуы мүмкін.

Өнер • 17 Қазан, 2023

Кілемдегі бейнелер

Қазір талантты жандар әлеуметтік желі арқылы тез танылатын болды. Көрерменін де сол кеңістіктен тауып жатады. Тасада жүрген шығармашыл адамдарға бұл тым жақсы амал екенін байқап отырмыз. Мәселен, ел астанасындағы Forte Kulanshi Art Space галереясында өтіп жатқан Qazaq Content атты көрме әлеуметтік желілерде ерекше қарқынмен тарап, көпшілікті таңғалдырды. Көрмеде Әсел Сабыржанқызы, Шалқар Қабдеш пен Алмас Нұрғожаевтың туындылары қойылған. Кескіндеме, графика және мүсін өнеріндегі туындылар көптің көзін жаулады. Әсіресе тарихта із қалдырған әйелдер бейнеленген иран, түрік кілемдерін көруге ағылған жұртты көрдік. Біз де бардық.

Өнер • 12 Қазан, 2023

Мүсінші

Ол мүсін жасауға бала кезінен құмартты. Содан бері қолы саздан арылған жоқ. Әр мүсінін аяқтаған сайын бұл өнердің қыр-сырын енді танығандай, шеберлігін шыңдап келеді. Өзіндік көзқарасы мен талғамы туындыларынан көрініп-ақ тұрады: алашшылдар, зиялылар, тұлғалар... Ол талай мәрте жасап отырған мүсінін бұзып, қайта соғыпты. Ойындағы сол бір бейне, сол мінез өз деңгейіне жеткенше шеберханадан шықпайды. Жұмысына, ең алдымен, өнер деп қарайды. Әр жаңа мүсіні көрген көзді де қуантады. Ол жалақысы көп қызметті тастап, туған жеріне оралып, туған топырағының тұлғаларын жаңғыртып жүр. Семейдегі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барып ашқан Абай мен ұлдарының, Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың, Астанадағы Қаламгерлер аллеясына қойылған Алаш арыстары – Әлихан, Ахмет, Міржақыпқа арналған мемориалдың да авторы сол шебер. Біздің кейіпкеріміз – «Семей-қола» мүсіндік құю өндірісінің директоры, суретші-мүсінші Нұрбол Қалиев.