Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
381 материал табылды

Қоғам • 03 Наурыз, 2023

«Корё ильбо» – корей диаспорасының жылнамасы

Аудармасына «Авангард» деген мағынаны айшықтап, «Сенбон» атауымен жарық көрген «Корё ильбо» газеті – бүгінгі ұлттық журналистикадағы байырғы басылымдардың бірі. Корей және орыс тілдерінде жарық көретін басылым жүз жыл бойы Қазақстанды мекендеген корейлердің жылнамасын жазатын жалғыз ақпарат көзі және байланыс құралы болып қызмет етіп келеді. Корей халқының тілін, ұлттық құндылықтарын, жазуын, мәдениетін сақтап қалуда газет маңызды рөлге ие болды.

Өнер • 01 Наурыз, 2023

Өмірде де, өнерде де бір шаңырақ астында

Қоржынында баға жетпес шығармашылық қазына мен халық дәстүрінің игілігі жинақталған, жетпіс жылға жуық тарихы бар мемлекеттік «Салтанат» ән-би ансамблі Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты концерт ұйымдастырды. Үлкен сахнадан түрлі ұлт арасындағы достықты, бірлік пен татулықты насихаттайтын ұжым осылайша бірлік үнін жолдады.

Театр • 23 Ақпан, 2023

Татарстан көрерменін тәнті етті

Биыл ақпан айында көрнекті опера әншісі, әлемге әйгілі әртіс, Қазан қаласының тумасы Федор Иванович Шаляпиннің туғанына 150 жыл толып отыр.

Кино • 22 Ақпан, 2023

Еден астындағы егеуқұйрық

Қысқаметражды фильм жас режиссерлер шығармашылығының өзегі іспетті. Жарты сағаттың айналасында көрерменнің жүрегіне жол салу әрі алғашқы аяқалысы арқылы өз қолтаңбасынан хабар беру тәжірибесі мол кәсіби шебердің өзіне де оңай емес. Бір сөзбен түйіндегенде, қысқаметражды фильм «мен киноға келдім» деген хабаршы. Бұған дейін «Шу-Чу» атты фильм түсірген әнші, композитор, продюсер, актер Жантемір Баймұхаметов жақында «Егеуқұйрық» атты екінші фильмін көрерменге тарту етті. Өзін режиссер ретінде дәлелдегісі келген өнер адамының салмақты жұмысына назар аудармау мүмкін емес.

Қоғам • 21 Ақпан, 2023

Мұрағат – мемлекеттің баға жетпес байлығы

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының 25 жылдығына орай Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Президент архивінің басшылары қатысқан брифинг өтті. Қазақстан Республикасы Президенті архивінің басшылығы ақпарат құралдары өкілдеріне Президент архивінің қоғамдағы рөлі мен міндетін және оның мақсаты мен жаңғырту бағыттарын баяндап, архив қызметімен үйлестіре өткізіп жатқан «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафоны туралы әңгімеледі.

Театр • 19 Ақпан, 2023

Сахна өнерінің Айымторысы

Ойламаған тұста тағдыр шырғалаңына тап болып, он бір жылдан бері Қарттар үйін мекен етіп келе жатқан театр өнерінің ардагері, актриса Айымторы Тайғаринованың мерейлі 85 жасқа толуына орай Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ ­театры көңіл толқытатын ерекше кеш ұйымдастырды. Айшықты образдарымен, ерекше еңбек жолымен, кәсіби келбетімен өзгешеленетін Айымторы Каспийқызын арнайы шақырып, өнердегі үзеңгілестері мен ізбасар әріптестерінің алқалауымен сахна төрін нағыз театр мерекесіне айналдырды.

Музей • 05 Ақпан, 2023

Армян диаспорасының мәдени экспозициясы

Алматыдағы Мемлекет­тік орталық музей өзге елдер­мен мәдени ынтымақ­тастықты белсенді дамыту жолында көптеген маңызды жобаны жүзеге асыра бастады.

Кино • 05 Ақпан, 2023

Африкадағы қазақ киносы

Камерун астанасы Яун­деде YARHA Fes­tival ха­лық­аралық кино­фес­ти­валі өтті. Әлем­дік кино бәй­гесінде қазақ кино­сы­ның арнайы көрсе­тілімдері ұйымдас­тырылып, Африка көрермендері алғаш рет отандық фильмдерімізбен танысты.

Кино • 01 Ақпан, 2023

«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты

Ұлттық ғылымның қалыптасуы мен өркендеуі жолында өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмір жолын суреттеген телехикаяның толықметражды нұсқасы бүгіннен бастап ел кинотеатрларында прокатқа шығады. «Қаныш» деп аталатын телесериалға Қарсақпайдың тақыр даласында Қ.Сәтбаевтың жанкешті жігерінің арқасында әлемдегі ең қоры мол пайдалы кен орындарының бірінің пайда болу тарихын баяндаған 1926-1934 жылдардың оқиғасы негіз етіп алынған.

Өнер • 31 Қаңтар, 2023

Өмір күрделі емес, көркем!

Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші әншісі Зарина Алтынбаева «Русалка» операсынан Русалка ария­сына түсірілген жаңа бейнефильмін жарыққа шығарды.