Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Түркістаннан техникалар жіберілді
Cу басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында Түркістан облысында жауапты басқармалардың үйлестіруімен, Атырау облысына 160-қа жуық техника жолданды. Аталған техникалар Дарбаза, Түркістан, Манкент, Арыс стансаларында вагон-платформаларға тиеліп, Атырау стансасына «ҚТЖ» ҰК-ның белгіленген кестесіне сәйкес жеткізілді.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан облысының аудан-қалаларында ұйымдастырылып жатқан ауқымды жұмыстардың ұраны түрлі болғанымен, мақсаты бір. Көше-каналдар, арық-атыздар тазаланып, ауыл-аймаққа көрік беріп, сая болатын ағаштар отырғызылып жатыр.
Медицина • 12 Сәуір, 2024
Түркістан облысындағы шалғай аудан-ауылдарда медициналық инфрақұрылымдар күрделі жөндеуді, жаңа құрылысын жоспарлауды, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтуды қажет етеді. Өңірдегі әлеуметтік нысандардың көпшілігі 1950-1960 жылдары бой көтерген. Тозығы жетіп, қабырғалары құлаудың алдында тұр. Материалдық-техникалық базасы ескірген. Яғни жаңа медициналық нысандарды салып, сапалы медициналық қызметті қолжетімді ету өте өзекті.
Экология • 11 Сәуір, 2024
Облыс әкімі тұрғындарды акцияны қолдауға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастамасын Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.
Шаруашылық • 10 Сәуір, 2024
Түркістан облысында республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығына арналған 112 су айдынының 25-і кәсіпшілік, ал 69-ы тауарлы балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген. Тоғанды көл, арнайы бассейн жасап балық өсірумен айналысып келе жатқандардың да қатары артып келеді. Әсіресе жас кәсіпкерлер тарапынан бұл кәсіпке қызығушылық басым.
Бокс • 09 Сәуір, 2024
Бекзаттың ізбасарлары күш сынасты
Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің алғашқы иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы XXII халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды. Дәстүрлі турнирде еліміздің өңірлерінен, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген 220-ға жуық спортшы 13 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынының салдары, жергілікті тұрғындардың көңіл күйі мен тұрмыстық қиындықтарын Түркістан өңірінің жұртшылығы жақсы түсінеді. Олай дейтініміз, осыдан төрт жыл бұрын мамырда қалың нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басып қалған болатын. Міне, сол қиын кезеңде бүкіл ел болып, яғни барлық облыс халқы көмек қолын созды.
Университет • 04 Сәуір, 2024
Шетелдік университеттің дипломын алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «500 ғалым» жобасы бүгінде жүйелі жүзеге асырылып келеді. Мысалы, ғалымдардың біліктілігін арттыруға бағытталған жоба аясында былтыр Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 11 ғалымы «Болашақ» стипендианты атанып, шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Табиғат • 22 Наурыз, 2024
Қырдың сәні – бәйшешек пен қызғалдақ
Бәйшешек пен қызғалдақты ата-бабаларымыз көктеммен, махаббатпен, құнарлылықпен, өмірдің жаңаруымен, тіршіліктің мәңгілік циклімен байланыстырған. Наурызнамада қызғалдақтың басты рәміз болып бекітілуі көпшіліктен қолдау тапты. Әсіресе көктем ерте шығатын, яғни дала гүлдерінің, оның ішінде бәйшешек пен қызғалдақтың сұлулығына алғаш болып көз құмарын қандыратын Түркістан өңірінің халқын қуантып отыр.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2024
Әз Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы ел арасында түрлі дәлел-дәйек айтылып келе жатқаны мәлім. Ал қазығұрттықтар «Наурыз Қазығұрттан бастау алады» дегенге сенеді. Дәл осы тақырыпта ауданда Ұлыстың ұлы күніне арналған үлкен мерекелік іс-шара өтті.