Сайлау • 16 Сәуір, 2019
ҮЕҰ өкілдері белсенділікке үндеді
Түркістан облысында тіркелген 700-ден астам қоғамдық бірлестіктің 577-сі – үкіметтік емес ұйымдар. Өңірде үкіметтік емес ұйымдардың бас қосып, өзекті мәселелерді талқылауына, жоспар-жобаларымен бөлісуіне мүмкіндік беретін 35 сұхбат алаңы жұмыс істейді.
Қоғам • 15 Сәуір, 2019
Өзге өңірлерді қайдам Түркістан облысында мектеп бітірген түлектер араға жылдар салып кездесу өткізетін дәстүр қалыптасқан. Сол кездесулерде түлектер өздері білім алған мектепке көмек көрсетіп, бүгінгі оқушыларға үлгі боларлық іс-шаралар өткізеді. Шардара ауданы Қоссейіт ауылындағы «Сырдария» жалпы орта мектебінің 20 жылдық түлектері ерекшелеу де игі іс жасап, 9 баласы бар сыныптасына баспана салып берді.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2019
Түркістанда Әл-Фараби туралы анимациялық фильмнің таныстырылымы өтті
Түркістандағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына екі жыл толуына орай «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмінің таныстырылымы өтті.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2019
Түркістан: Жетісайлық диқандар Ресейге 20 тонна өнім жөнелтті
Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі «Ықылас» шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 20 тоннасын Уфа қаласына жөнелтті.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Мақтаарал ауданында «ақ алтын» 35 мың гектар жерге егіледі
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 35 мың гектар жерге мақта, 4,5 мың гектарға дәнді дақыл, 100 гектарға күнбағыс, 3,2 мың гектарға көкөніс, 11,5 мың гектарға бақша, 6 мың гектарға мал азықтық дақылдары егілмек.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Сарыағашта 56 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі
Сарыағаштың шипажайларына келушілер қатары көбейе түсуде. Емдік суға, медициналық қызметке сұраныс болғандықтан жаңа шипажайлар қатары да артуда. Аудан бойынша 30 емдік - сауықтыру, балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері, гольф клубы, 20 қонақ үй қызмет көрсетеді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Түркістан қаласындағы Мәдениет үйінде «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының 4-ші маусымының іріктеу кезеңі өтті. Музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтап қолдау көрсетуді, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, болашақта талап-қабілеттерін дамытуға көмектесуді мақсат еткен байқауға облыстың әр түкпірінен 100-ден аса бала қатысып, бағын сынады.
Руханият • 10 Сәуір, 2019
Елбасының достары киелі жерлерге зиярат жасады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың мектеп қабырғасында және Днепродзержинскіде бірге оқыған сыныптас, курстас достары бастаған бір топ аға буын Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, ұлылар мекенінің тарихымен танысты.
Әлем • 09 Сәуір, 2019
Түркістанда Түркия – Қазақстан денсаулық апталығы өтуде
Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе ұйымдастырған «Түркия – Қазақстан денсаулық аптасы» басталды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Ана мен балаға кең ауқымды қызмет көрсетеді
Еліміздегі әрбір бесінші азамат дүниеге келетін, яғни туу көрсеткішінің деңгейі жоғары Түркістан облысында ана мен баланың денсаулығын қорғау маңызды мәселе. Бұл орайда облыстағы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуы басты назарда. Түркістанда жыл сайын шамамен 1000 медицина қызметкерінің білімі мен тәжірибесін жетілдіретін, жаңа әмбебап озық үлгіге сай оқытатын орталықтың ашылуы сөзімізге дәлел.