Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
116 материал табылды

Салық • 19 Қазан, 2023

Сән-салтанат салығы немесе жалпыға бірдей жайдақ шкала жойыла ма?

Келер жылдан бастап Қазақстанда сән-салтанат салығы енгізіледі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров салықтың бұл түрі Салық кодексіне өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енетінін айтады. Қазір елде біркелкі табыс салығының шкаласы бар. Әрбір азамат табысының мөлшеріне қарамастан, мемлекетке табысының 10 пайызын төлеуге міндетті. Бұл – әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Қосымша құн салығы 12% құрайды, бұл да жоғары жүктеме болып саналмайды. Бұл мәселе біздің елде 2013 жылдан бері ресми емес түрде, 2020 жылдан елдік деңгейде талқыланып келеді. Бірақ азаматтардың қандай заттары мен мүлкіне ұлғайтылған салық салынуы мүмкін екендігі туралы нақты анықтама әлі ресми түрде талқыланған жоқ.

Сараптама • 16 Қазан, 2023

Майға ашылған «майдан»

Көрші елдердің осы саладағы біржақты ұстанымы отандық астық өңдеудің құлдырауына себеп болып тұр.

Теңге • 12 Қазан, 2023

Доллардың тағдыр-талайы

Теңге үшін тамыз бен қыркүйектің жайлы болмағанын бәріміз көрдік. Қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында 480 теңгеге дейін қымбаттап, бұғауға басы сыймаған доллардың 478 теңгеге келіп тұрақтағанына бірер күннің шамасы ғана. Ішкі нарықтың бұл бағамды қашанға дейін ұстап тұра алатынын Ұлттық банктің жаңа базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімі анықтай жатар. Аузы дуалы кейбір сарапшылар 1 доллардың 474 теңгеге бағаланған кездері енді келмеске кеткенін айтып әлек. Бізге енді кемі алты ай бойы 1 долларды 480 теңгеден асырмай ұстау үлкен күш болғалы тұр. Теңгенің одан кейінгі жағдайын ішкі нарық пен сыртқы нарықтың беталысы шешеді. Теңге бағасын мұнайға тели беру қазір «сәннен» шығып қалды.

Пайдалы қазбалар • 05 Қазан, 2023

Мұнай дипломатиясы һәм Қазақстан

Қара алтын сегментіндегі қазіргі жағдайға сарапшылар «белгісіздік кезеңіндегі мұнай дипломатиясы» деп баға беріп үлгерді. Әзірге бұл майданның басты ойыншылары кім екені нақтыланған жоқ. Тіпті әлемдік мұнайдың қомақты бөлігін уысында ұстап отырған, өзін басты ойыншылардың қатарында танытып келген Ресейдің де тек мұнай құбырына тәуелді екенін 2022 жылдың басында байқадық.

Өндіріс • 05 Қазан, 2023

Отандық өндірістің әлеуеті

Елімізде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұйымдастырған «Отандық өндіріс» медиа жобасы қанат қақты. Бұл жоба отандық өнеркәсіпті насихаттауға, Қазақстан кәсіпорындарының оң тәжірибесін көрсетуге, елішілік құндылық идеяларын­ насихаттауға бағытталған. Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланға арналған киімдер, тұрғындарға арналған мамық күртелер мен аяқкиімдердің барлығы Алматыда дайындалатындықтан баспасөз туры да осы қаладан басталды.

Қаржы • 03 Қазан, 2023

Зейнетақы жүйесін реттеудің амал-тәсілдері

Жуырда ғана Алматыда өткен «Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйе­лерін дамыту келешегі» атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үс­телге шетелдік және отандық жетекші сарапшылар қатысты. Аталған іс-ша­ра еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жыл­дығы шең­берінде өтсе де, мерекелік емес, сараптамалық сипатқа басымдық берілді.

Қаржы • 28 Қыркүйек, 2023

Ұлттық қорды үйлестіру қағидаты

Ұлттық қордағы сиқырлы таяқшаны иелену Үкімет құрамында болған талай азаматтың арманы болып келді. Мұның соңы Ұлттық қор қаражатының сұрауы жоқ су тегін ақшаға айналып кетуіне жол ашты. Ал қолданыстағы Ұлттық қор активі ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 30 пайызына дейін құлдыраса, онда қор қаражатын жұмсауға жол бермейді. Қазір ұлттық қор қаржысының төмендей бастағаны ашық айтылып жүр. Кейінгі 8 жылда ұлттық қорымыздың қаржысы 73 млрд доллардан 57 млрд долларға дейін түскен. Яғни бұл үрдіс жұрттан жасыра алмайтын жағдайға жетті.

Теңге • 28 Қыркүйек, 2023

Бағам бәріне тәуелді...

Ішкі нарықта доллар құнының өсуі қыркүйектің алғашқы күндерінен басталды. Айдың алғашқы онкүндігінде доллардың құны 466 теңгеден асты, ал мұнай барреліне 90 доллар шамасында болды. Қыркүйектің бірінші жартысында еуроның ресми бағамы негізінен тамыз айының соңындағы деңгейден төмен болып шықты, бірақ ай ортасында ол 500 теңгеден қайта асты. Нәтижесінде, теңгенің еуроға шаққандағы девальвациялану деңгейі 1,8 пайызға дейін өсті.

Экономика • 27 Қыркүйек, 2023

Бензин бағасы бұлқына бастады

Атырау мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытында жылу алмастырғыш істен шыққан. Енді АИ-95 маркілі бензин Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытында өндіріледі.

Форум • 25 Қыркүйек, 2023

«Kazakhstan Growth Forum-2023»: Халықаралық бизнестегі сенім мен тәуекел

Таяуда Алматыда өткен «Kazakhstan Growth Forum-2023» басқосуында бизнес үшін заманауи сын-қатерлер мен еліміздің суырылып алға шығуына кедергі болып отырған факторлар кеңінен талқыланды. Жиналғандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы ойларын ортаға салды. Былтырғыдай емес, бұл жолғы Жолдаудың саясатқа емес, негізінен экономикаға бағытталғанын ел бағамдап үлгеріпті. Жолдау барысында көп көңілінен шыққан бағыттардың бірі – әскери-өнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп, назар аударылды. Бұл міндет өз қауіпсіздігімізді қорғауымыз үшін қажет. Тап осы бағытта біздің басқа елдерге тәуелді екеніміз, нақ осы фактор егемендігімізге үнемі сырттан қауіп төндіретіні жиі айтылып жүр. Саммит барысында қорғаныс саласына басымдық беру мыңдаған шағын кәсіп көзін ашуға мүмкіндік беретіні де айтылды.