Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
116 материал табылды

Әлем • 06 Шілде, 2019

Назарбаев қандай құрметке де лайықты – дейді ауғанстандық суретші Робаба Мохаммади

Ауғанстандық суретші Робаба Мохаммадиге тағдыр ана жатырында жатқанда-ақ жылы қабақ танытпапты. Тағдыры ерекше жаратылған жан туралы алдымен Батыс басылымдарынан оқып-білдік. 19 жас­тағы суретші қыздың галереясында біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұл­тан Назарбаевтың портреті бар екенін білгенде, қызығушылығымыз тіпті арта түсті. Іле-шала Алматыда оқып жатқан ауған­дық достарымның көмегімен Робабамен скайп арқылы тілдесудің сәті түсті.

Аймақтар • 02 Шілде, 2019

Ауылды кім сақтандырады?

Соңғы кезде сарапшылар тарапынан Қазақстанның әлеуметтік мәртебесі нарық заңымен дамуына кедергі келтіреді деген пікір айтылып жүр. Шынында да төтеннен келген қандай да бір табиғи апат бола қалса, жұрт мемлекетке жалтақтайды. Мысалы, қазір кейбір әлеуметтік желі белсенділері «Қазақтың байлығын оңды-солды шашып жүрген алпауыттар қайда? Кім қанша қаражат бөлді?» деп қалталылардың қаржысын санауға көшіп, халықтың қайғысын қозғап жүріп, өзінің бәсін көтеріп алуға тырысып жатқаны жасырын емес.

Сұхбат • 26 Маусым, 2019

Теңіз астында тарихи қазына жатыр

Каспий аймағында орналасқан елдерге тиесілі су асты мұралары әлемде құпиясын ашпаған таңғажайыптар қоймасы. Алматыда ЮНЕСКО-ның Каспий аймағындағы елдердің су асты мәдени мұраларын қорғау жөніндегі алғашқы өңірлік кездесуге қатысқан мамандар осылай деп отыр.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Туризм саласындағы түйткілдер қыруар табыстан құр қалдырып отыр

Таяуда Дүниежүзілік сауда ұйымы сайтында Қазақстан­ның жылына 40 млн турист қабылдауға мүмкіндігі жететіні туралы мәлімет жарияланды. Біз елімізге жыл сайын 5-6 млн адам келсе, бөркімізді аспанға атып қуанып жүргеніміз белгілі. Бұл мүмкіндігіміздің 90 пайызын да қолдана алмай отырмыз деген сөз.

Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Еңбек нарығында ескеретін ерекшелік көп

Жалақы дер кезінде төленбеcе, жұмысшының мүддесі мен құқығы тапталса, заң жүзінде еңбек адамын қорғайтын жалғыз ұйым – кәсіподақ. Еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасайтын, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер көзделген келісімдер, ұжымдық шарттар жасап, оның орындалуын қадағалайтын да әзірге осы ұйым. Сондықтан кәсіподақтың халықаралық ұйымдармен интеграциялануы өзекті мәселе.

Экономика • 06 Маусым, 2019

Доллар қымбаттап барады

KASE таңғы сессиясында доллар бағасы 1,27 теңгеге қымбаттап, 383,83 теңгеге көтерілді. АҚШ долларының қымбаттауын Ұлттық банк қана тоқтата алады: Бұл – интервенция. Себебі бұл жолғы қымбаттауға сыртқы факторлар көп әсер етуде.

Экономика • 28 Мамыр, 2019

Халықтың төлем қабілетінің деңгейі көтерілмей, несиеге тәуелділік төмендемейді

Сарапшылар «Қазақстандағы экономикалық жағынан белсенді топтың 96 пайызы банк несиесіне тәуелді» деген деректі жиі айтып жүр. Бұған Бірінші кредиттік бюроның банктер алдында не­сиесі бар қазақстандық заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметі себеп болып отыр.

Экономика • 21 Мамыр, 2019

Несие портфелінде нақтылық жоқ

Әңгіме тағы да проблемалық несиелер портфелі жайында. Ұлттық банк пен Бірінші несиелік бюро сәуір айында Қазақстанда жұмыс істемейтін қарыз үлесі төмендегенін хабарлады. Алайда, сарапшылар екі ұйымның мәліметтері арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін байқап қалыпты.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2019

Қант нарығы: отандық өндірістің қауқары қандай?

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің қант бизнесінде ортақ мәмілеге келе алмағаны осыған дейін талай рет айтылған. Ресей 2018 жылдың басында одақ комиссиясына қант импортын шектеу туралы ұсыныс түсірді.

Қоғам • 09 Мамыр, 2019

Соғыс балалары терминін енгізу қажет пе?

Соғыс балаларының мәрте­бе­сін заңдастырып бере­тін заң әлемде жоқ. Бірақ қолданыстағы заңда­рына өзгерістер енгізіп, құқық­тық сипат беруге тал­пын­ған елдер бар.