
Қаржы • 16 Ақпан, 2023
Бүгінге дейін теориялық деңгейде талқыланып келген цифрлық теңгенің төбесі көрініп, есігімізге жақындап қалды. Айналымға 2023 жылдың күзіне қарай енуі мүмкін. Қазақстандықтар жәрдемақы мен зейнетақыны қанатқақты режімде цифрлық ұлттық валютада ала бастайды. Мемлекеттік сатып алуда ашықтықты қамтамасыз ету үшін цифрлық теңгені есептеуге көшіріледі. Енді бұл жобаны мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың түсінуі маңызды.
Несие • 16 Ақпан, 2023
Банк секторының «жұлдызды клиенттері»
Несие пайызы қандай факторларға тәуелді деген мәселе қай кезде де өзекті. Тәуелсіз сарапшылар несие пайызына бірінші кезекте ықпал ететін факторлардың қатарына Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесінің деңгейін айтады. Мысалы, қазіргі мөлшерлемесі 17,6 пайыз делік. Ал оның пайызы инфляция деңгейімен теңестіріліп отырады.
Қоғам • 14 Ақпан, 2023
Алматыдағы Иран Ислам Республикасының бас консулдығы Иран Ислам Революциясы жеңісінің 44 жылдығы мен Иранның ұлттық күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Заң • 14 Ақпан, 2023
Майшелпек майнингтің өрісі тарылды
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң сәуір айынан бастап күшіне енеді. Әзірге активтің мұндай түрі төлем құралы, қаржылық актив болып есептелмейді.
Субсидия • 14 Ақпан, 2023
Үкімет мал өсіремін деген фермерге балық емес, қолына қармақ беруге шешім қабылдады. Өйткені елдегі ірілі-ұсақты малдың 4 пайызы ғана ірі шаруашылықтардың еншісінде болса, 96 пайызы шағын және орта шаруашылықтардың қорасында байлаулы тұр. Мал шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспарында Қазақстанға тірі мал емес, ет экспортына баса назар аудару маңызды екені айтылған. Мал шаруашылығын субсидиялау туралы шешімнің күрт өзгеруіне осы себеп болса керек.
Бағдарламалар • 10 Ақпан, 2023
Жеңілдетілген лизинг «Халықтық бағдарламаға» айнала ма?
Ауыл шаруашылығына мемлекеттік бағдарлама есебінен қаражат аз бөлініп жатқан жоқ. Бірақ нәтиже аз. Осы күнге дейін ауылға бөлінген қаржының басым бөлігі ірі шаруа қожалықтарының еншісінде кетті де, ұсақ шаруа иелері 90-жылдардың екінші жартысында мемлекеттен пай үлесі ретінде алған ескі-құсқы техникасының бетіне қарап қалды.
Форум • 05 Ақпан, 2023
Технологиялық ақыл-ой форумы: Ортақ энергетика нарығының мәселелері пысықталды
Алматыда «Digital Almaty» бесінші халықаралық технологиялық форумы аяқталды. Форум бағдарламасы 29 панельдік сессияны қамтыды, оған халықаралық және қазақстандық IT-қауымдастық өкілдерінің 150-ден аса спикері қатысты. 1 ақпандағы дерек бойынша форумға 17 мыңнан аса келуші тіркелген. Іс-шараның екінші күні ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыстар ашық есік жағдайында да, жабық есіктің ар жағында да жалғасты.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2023
Алматыда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасы жанындағы Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі консультативтік комитеттің көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде талқыға түскен мәселелер – одаққа мүше «бестік елдердің» өндірушілері мен жеткізушілерінің мемлекеттік сатып алуларға тең қолжетімділігі, мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді өзара тану, сатып алу процесін толық цифрландыру мақсатында ЕЭК заңнамасын әзірлеу, сатып алудағы ұлттық режімнің жұмыс істеу принциптерін жетілдіру.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО елдері агроөнеркәсіптік қуаттарын тиімді пайдалануы керек - Мишустин
М.Мишустин Алматыда өткен ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ЕАЭО елдерінің күшті агроөнеркәсіптік базасы бар екенін, бірақ олардың артықшылықтарын жаңа логистикалық дәліздерді дамыту арқылы тиімдірек пайдалану керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Михаил Мишустин ЕАЭО елдерін технологиялық егемендікке шақырды
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірде-бір елде озық технологияларды дамыту үшін жеткілікті нарық жоқ. Технологиялық егемендікке қол жеткізу үшін ынтымақтастық қажет. Бұл туралы Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.