Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1179 материал табылды

Өнер • 13 Шілде, 2023

Кенептегі мейірім шуағы

Алмабақ ішінде адал еңбектің жемісіне кенеліп отырған ақсақал бейнесі, ұршық иірген қос әже, сағындырған күзгі бақ көзге ыстық, көңілге жылы ұшырайды. Суретші сезімінің нәзік қылын тербеген кенеп бетіндегі мың сан бояулар сырбаз өнердің сиқырына қарай тартады. Үміт пен күдікке толы тынымсыз тіршілік алуан ойлармен арпалысқан адам көңілінің ішкі ырғақтарын тап басқандай.

Жәдігер • 11 Шілде, 2023

Теміржол тарихынан сыр шерткен

Алматы музейіне бара қалсаңыз, талай тарихи жәдігерге көзайым боласыз. Солардың бірегейі – тұтас даланы дүбірге бөлеген Түрксіб темір жолының құрылысы кезінде тұтынылған бұйымдар.

Қоғам • 08 Шілде, 2023

Алматыда 9 елдің Шекара басшылары бас қосты

Еліміздің оңтүстік астанасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Шекара қызметі мен құзыретті органдары басшыларының 9-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы • 25 Маусым, 2023

Тұрақтылық – өзекті мәселе

Алматыда Орталық Азия елдері мен Ресей Қауіпсіздік кеңестері хатшыла­рының бірінші кездесуі өтті. Жиында әлемдік қауіпсіздік мәселесінің маңыз­ды тетіктері сараланып, тараптар өз ойларын ортаға салды.

Жастар • 20 Маусым, 2023

Жасай бер, жақсылық жасағы!

Ерікті болу ермек те, ерлік те емес. Қысылғанға қолұшын созу – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Ынталы жүректен шыққан титтей ықыласты іс үлкен түйткілдердің түйінін тарқатуы мүмкін. Өйткені жан баласына жақсылық жасау үшін асып-тасқан дәулеттің де қажеті шамалы, сәл ғана мейірім болса жеткілікті.

Жануарлар • 15 Маусым, 2023

Бегемот төлдеген маусым

Биыл ел аумағындағы ең үлкен зообақ саналатын Алматы хайуанаттар бағында ерекше жаңалық көп. Мәселен, биыл бегемот төлдеді. Бұл соңғы 18 жылда болмаған жайт. Сондай-ақ хайуанаттар бағының тарихында алғаш рет шығыс колобусынан төл алынғаны да – маңызды оқиғаның бірі.

Қоғам • 12 Маусым, 2023

Қайраткермен қоштасу рәсімі

Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратына жиналған зиялы қауым бедерлі жылдар белесінде ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетіне тоқталып, жақын-жуығына көңіл айтты. Қоштасу рәсіміне қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар аймақтың әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт, басқа да салалардың өкілдері қатысты.

Саясат • 04 Мамыр, 2023

Визасыз режімнен ұтарымыз бар ма?

Қазақстан мен Қытай азаматтарының бір елден бір елге уақытша визасыз барыс-келіс орнатуына байланысты қоғамда қызу пікірталас жүріп жатыр. Көршілес елдердің сауда-экономикалық әлеуеті мен туристік қарым-қатынасын саяси һәм мәдени ынтымақтастығын арттыруға бағытталған жоба туралы мамандар не дейді?

Алматы • 26 Сәуір, 2023

Талапайға түскен телімдер

Алматыда заңсыз берілген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару ісі жалғасып жатыр. Дегенмен әлдекімдердің иелігіне дүдәмал күйде өтіп кеткен шұрайлы орындардың айналасында даулы мәселе әлі де аз емес. Құзырлы орындар ай са­йын шикіліктің шетін шығарып, жерді бөлу кезінде лауазымды тұлғалар тарапынан жіберілген заңға қайшы әрекеттерді әшкерелей бастады.

Отбасы • 26 Сәуір, 2023

Зорлықтың зардабы ұлттық комиссияның отырысында талқыланды

Алматы қаласында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыспен күрес тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.