Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
76 материал табылды

Руханият • 23 Сәуір, 2019

Сағынышқа толы суреттер

Суретші табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерін алғаусыз жеткізуге ұмтылады. Мың құбылған ашық түсті бояу үндестігін ол алдымен көріп, содан соң қабылдап барып, бояу түстері арқылы кенеп бетіне түсіреді. Бір өлкенің тамсанарлық сұлулығын жылдың әр мезгілінде жалықпай бейнелеуге бар. Жиенбай Орынбаевтың графикасына композицияның қарапайымдылығы мен айқындылығы, ықшамдылық, тазалық, ашық түс, сұлбалардың нақтылығы тән.

Театр • 22 Сәуір, 2019

«Жеті ойыншықтың жеңісі»

Өскелең ұрпақты ұлттық тамырдан ажыратпай, рухани тәрбие бұлағымен сусындатудың бірден-бір жолы оларға тарихымыздағы тұғырлы тұлғаларды танытып, ертегілердегі ізгілікке баулитын кейіпкерлерді үлгі етіп көрсету. Жуырда жас драматург Әлібек Байболдың «Жеті ойыншықтың жеңісі» атты ертегісі Ж. Аймауытов атындағы Павлодар об­лыстық Қазақ музыка-драма театрында сахналанып, кіш­кентай көрермендерді үлкен олжаға кенелтті. Өнер ұжы­мының Алматыға сапары барысында аталған туын­ды Ғ.Мүсірепов Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында да қойылып, көпшіліктің ықы­ла­сына бөленген болатын. Жастар жылына орайластырылып жазылған айтулы қойылымның режиссері – Әділет Ақанов.

Руханият • 10 Сәуір, 2019

Періште көңілдің перизат өрнектері

Періште көңілден өріліп шыққан перизат өрнектер тау бұлағындай тұнық. Бала жүректе бұлқынған аппақ сезім өмірді де өз ішкі әлеміндей тап-таза, мөп-мөлдір қалпында қабылдағысы келеді. Алмағайып дүниеге алғаусыз, риясыз пейілмен қарауға шақырады. 11 жастағы Аянат Халел салған сүйкімді суреттерге сүйсініп қарайсыз. Қаршадайынан қылқаламды серік еткен талапты қыздың талантына тамсанып, қадамына құт тілейсіз.

Саясат • 10 Сәуір, 2019

Тарихи маңызды қадам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда бүкілхалықтық президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді. Бұл шынында да өте маңызды саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар қажетті іс деп ойлаймыз.

Спорт • 05 Сәуір, 2019

Қазақ боксының мерейлі сәті

Белгілі фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының мұрағатында сақталған мына бір сурет қазақ былғары қолғап шеберлерінің мерейлі сәтін дөп басып, жеңісті жолды тарихқа айналдырған әсерлі естелік деуге болатындай.

Қоғам • 04 Сәуір, 2019

Ұлттық тәрбие балабақшадан басталады

Бауыржан Момышұлы атамыздың «Өз сәбиіне бесік жырын айта алмаған ана мен немересіне ертегі айта алмайтын ата мен әжеден қорқамын» деген сөзі бар. Батыр көңілін толқытқан осы алаң ұлттық тәрбиенің уызына жарымаған ұрпақтан ұлтжанды азамат шықпайтынын меңзейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодыңды сақтай білу» деген жолдар осы бір оймен ұштасып жатқандай. Ақылды техникалар мен сиқырлы смартфон бала түгіл ананың басын айналдырған заманда балдырғандарды ұлттық тәрбие бұлағымен сусындатудың жолы қандай?