Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2317 материал табылды

Медицина • 01 Ақпан, 2024

Емі тиімді TAVI орталығы

Жыл сайын Алматы қаласында қолқа қақпақшасы тарылған 20-22 науқасқа операция жасалса, осындай хирургиялық операцияға мұқтаж науқастардың саны 200-250-ге дейін жетіп жығылады. Осы орайда Алматыдағы Кардиология орталығында жүрекке жоғары технологиялық және зақымы барынша аз операция жасайтын TAVI орталығының ашылуын мегаполис медицинасындағы ілкімді оқиғалар қатарына қосар едік.

Алматы • 30 Қаңтар, 2024

Сынамасыз сатудың да сұрауы бар

Аңғарған адамға бүгінде барлық салада бақылау мен тәртіптің күшейіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, Алматыда сатушыларға зергерлік бұйымдар мен әшекейлерді сынамасыз саудалағаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді.

Қоғам • 26 Қаңтар, 2024

Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды

Бүгін Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Ескерткіш Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған «Ататүрік скверінде» бой көтерді.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Алматыдағы жер сілкінісі: Зардап шеккен 67 адам медициналық көмекке жүгінді

Алматыда жер сілкінісі зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 16 Қаңтар, 2024

Жатыр мойны обырының алдын алудың кешенді тәсілдері талқыланды

Бүгін Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары ДДСҰ және ҚДСҰО сарапшыларымен бірге Қазақстандағы жатыр мойны обырын емдеу қағидатын, алдын алу мен анықтаудың кешенді тәсілдерін, HPV-на қарсы егудің келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Пікір • 14 Қаңтар, 2024

Салық мәдениеті

Жаңа жыл басталғалы бері қара басына жұмыс істеп келе жатқан жеке кәсіпкерлер мен такси жүргізушілерінің мобильді аударымдардан бас тартуы жұртты әбігерге салып отыр. Қандай да бір қызмет түрімен күнелтіп жүрген отандастарымыз табысын түгел тартып алатындай күй кешіп жатыр. Ал осының бәрі де білмегендіктен, жаңа талапты толық түсінбегендіктен туындап жатқаны аян.

Жастар • 14 Қаңтар, 2024

Қауымдастық менеджментке көңіл бөлу керек

Бизнесте, қоғамдық өмірде болсын бір мүдде төңірегінде тоғысып, жақтастарды көздеген мақсатқа жетелеу – маңызды мақсат. Қазір мұны жаһандық тілмен айтқанда «комьюнити» деп те атайды. Ендеше, комьюнитиді қалай дамытуға болады? Халықаралық маркетологтер гильдиясы, «Marcom club Central Asia» сынды бірқатар халықаралық қауымдастықтың резиденті, Лондон Бизнес және қаржы мектебінің «диджитал маркетинг» бағытындағы магистрі, маркетолог-стратег Әсел АЛДАБЕРГЕНОВА 2024 жылға арналған ел нарығындағы сауда мен PR-ға қатысты кәсіби пікірімен бөліседі. Әселдің жас та болса ірі халықаралық компаниялармен, отандық брендтермен жұмыс істеуде айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол «DigitalArt» медиаагенттігімен бірге Алматыдағы әйел-кәсіпкерлер қауымдастығының негізін қалап отыр.

Қаржы • 13 Желтоқсан, 2023

Сақтандыру төлемі 6,4 млрд теңгеден асты

Соңғы мәліметтерге сәйкес «Евразия» сақтандыру компаниясы Түркияның оңтүстік шығысында орын алған алапат жер сілкінісінен зардап шеккендерге халықаралық мүлікті қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша кезекті 2,4 млн еуро немесе 1,2 млрд теңге төлем жасаған. Осылайша, отандық сақтандыру компаниясының жалпы төлем сомасы 13 млн еуро немесе 6,4 млрд теңгеге жетті. «Евразия» СҚ – Түркиядағы жер сілкінісінен кейін сақтандыру төлемін жүзеге асыруға шыққан Қазақстандағы жалғыз компания екендігін бөле-жарып айта кеткен жөн.

Алматы • 07 Желтоқсан, 2023

Күзде еккен көшет те көгереді

Биыл Алматыда 16 мыңдай кәрі ағаш кесіліп, оның орнына 170 мың көшет егілді. Қай кезде де қураған ағаш жауапты орындардың қаперінен шыққан емес. Өйткені олар көліктерге, тіпті адамдардың өміріне қауіп туғызады.

Көрме • 07 Желтоқсан, 2023

Бүгінгі суретші туындысы қанша тұрады?

«Елімізде қылқалам шеберлерінің еңбегі қалай баға­ланады?» деген сауалдың жауабын алғашқы «Ala Art Fair – 2023» заманауи өнер жәрмеңкесінен таптық.