Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
109 материал табылды

Алматы • 22 Желтоқсан, 2023

«Көк базардың» еңсесі көтерілмек

Көне шаһардың көзіндей болған Алматыдағы «Көк базардың» қадірін оның байырғы тұрғындары біледі. Енді тарихқа айналып үлгерген, кешегі кеңес өкіметінің тұсында қазіргідей самсаған супермаркеттердің, қаптаған сауда орындарының болмағанына тәуелсіздіктің бедерінде туған балаларды сендіре алмайсың. Жастарды айтпағанда, жұрт білетін, ел баратын дүкендер де саусақпен санарлық болғандықтан, азық-түлік үшін көбінесе «Көк базарға» ғана баратынын өзіміз де ұмыта бастадық.

Туризм • 13 Желтоқсан, 2023

Түрленген Алматы туризмі

Туризм берекелі сала болса да, жаһандық індет кезінде орасан шығынға ұшырады. Алайда әлемді шарлағанды, саяхатты сүйетін жұрт алыс жолға қайта қамданды. Егер туризм саласы қайтадан өрістей бастады десек, «мемлекетіміздің туристік биігіне ұмтылған Алматыда биыл қандай жұмыстар атқарылды?» деген сауал тумақ. Себебі Қазақстанға келген әрбір екінші турист осы мегаполисті айналып өтпейді.

Алматы • 13 Желтоқсан, 2023

Биыл TikTok платформасының қосымшасы қазақ тілінде сөйледі

Таяу күндері TikTok платформасы 2023 жылды қорытындылай келе, Қазақстанның ең жарқын трендтері, көрнекті креаторлары мен басты хиттерінің тізімін жариялады.

Алматы • 13 Желтоқсан, 2023

«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге

«Kusto Group» компаниясының басшылығы «Qazaq tili endowment qory» қазақ тілін қолдау эндаумент-қорына 100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы мәлімдеді.

Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023

Журналист өмірін сақтандыру: Заңға өзгеріс енгізу қажет пе?

Жақында Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтің «Масс-медиа туралы» заң жобасына бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің өмірін сақтандыруға қатысты норманы қосу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Алматы • 06 Желтоқсан, 2023

Бәрі де қоғам үшін: 2024 жылы Алматыда қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағыт ашылады

Қашан да тіршілігі қарбаласқа толы қала тұрғындары күн көзі көрінбей жатып жұмысына, оқуына асығатыны анық. Сондықтан Алматыда қоғамдық көлік мәселесі өзектілігін жойған емес. Оның үстіне агломерациясы есебінен ұлғайып келе жатқан мегаполисте қалаға қатынайтын автобустар санын ұдайы арттырып отыруға тура келеді.

Алматы • 04 Желтоқсан, 2023

Сән үлгісі қымбат па, арзан ба?

Қазіргі таңда қатып қалған сән үлгісі жоқ екендігі баршаға аян, бүгінде мынау «мода» екен деп, елдің бәрі бірдей киінбейді. Себебі алуан, біреуге жарасатын түс, екінші адамға үйлеспейді, біреуге арзан дүние екінші адам үшін тым қымбат. Оның үстіне қазір жұрттың таңдау еркі мен талғамы бар.

Балалар • 29 Қараша, 2023

Мейірімге қанбаған жәутеңкөздер: Асырап алынған балалардың 6%-ы кері қайтарылады

Тағдырлы қателіктерден, жазмыштан, айтпай келген ажалдан ата-анасынан айырылып, жетім­дер үйінен табылған балалар­дың мәсе­лесіне мемлекет қолдау көрсетіп келеді. Оған қоса мы­на қоғамға аманат сынды сәби­лердің жәутеңдеген көзіндегі мұң­ды сейілтуге септігін тигізгісі келе­тін түрлі ұйымдар да жұмыс істейді.

Денсаулық • 27 Қараша, 2023

Шалабайларға шарапатын төккендер

Ілгері замандарда киіз үйдің керегесіне ілінген түлкі тымақ ішін­дегі шала туған нәресте жарық дүние үшін өзі күрессе, бүгінгідей меди­цина да­мыған кезең­де кувезде жатқан шарана­лар­дың өмірі үшін білікті дәрігерлер арпалысады. Қазақстанда жыл са­йын 22 мыңнан аса сәби мерзімінен ерте туатынын ескерсек, шала туған сәби­­лердің дүниеге келуі, адам қатарына қосылуы дәрі­герлердің араласуынсыз мүмкін емес.

Қоғам • 24 Қараша, 2023

Қандала қайдан қаптады?

Уласаң, оңайлықпен өлмейтін, қусаң, кетпейтін, ұша да, секіре де алмайтын, бірақ бір пайда болса, төсек-орныңды өз қаныңмен дап-дала қылатын қандала деген жәндік кейінгі жылдары қалаларымыздың мазасын қашырып тұр.