11 Мамыр, 2015

Теннис. Ярослава Шведова Мадридтегі турнирде жеңімпаз атанды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Shvedova-Yaroslava03АСТАНА. 11 мамыр. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мадридте өткен WTA турнирінің жұптық бәсекесінде жеңімпаз атанды. Ол бұл сайыста Австралия спортшысы Кейси Деллакуамен жұп құрап, сынға түскен еді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Финалдық ойында Шведова-Деллакуа жұбы корт иелері Гарбинье Мугуруса және Карла Суарес-Наварромен күш сынасты. 1 сағат 39 минутқа созылған ойында Шведова мен Деллакуа қарсыластарынан 2:1 (6:3, 6:7 (4:7), 10:5) есебімен басым түсті. Кейси Деллакуа үшін бұл – жұптық бәсекедегі 4-ші жеңіс. Ал Шведова бүгінге дейін 11 мәрте жұптасып өнер көрсетуде жарыс жеңімпазы атанды. Соның екеуі «Үлкен дулыға» турнирінде тіркелді (Уимблдон, 2010 ж., АҚШ ашық біріншілігі, 2010 ж.). Мадридтегі сайыс топырақ төсеніште өткенін айта кетейік. Сондай-ақ, турнирдің жүлде қоры 4,2 миллион АҚШ долларын құрады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: itftennis.com.
Соңғы жаңалықтар

«Сары тентек» сарыны

Әдебиет • Кеше

Ұлытау ұлары

Тұлға • Кеше

Тағдыр тәпсірлері

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Абай тапсырған асатаяқ

Жәдігер • Кеше