08 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстанда екі адам суға батып кетті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.05.2015 SKO-3ПЕТРОПАВЛ. 8 мамыр.  Көктемнің соңғы айының алғашқы онкүндігінде   Қызылжар өңірінде оқыс оқиғалар мен апатты жағдайлардың орын алуы жиілеп кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Айыртау ауданына қарасты Казанка ауылы жанынан сылдырай ағып жатқан Иман-Бұрлық өзеніне балық аулай барған 60 жастағы балықшы қайтып оралмаған.Қайық оқыстан аударылып, марқұм тұңғиық су түбіне кете барған. Мұндай қайғылы жайтқа Есіл ауданы Покровка елді мекенінің тұрғыны да ұшыраған.  Сақтық шараларын сақтамаудың салдарынан 79 жастағы ақсақалдың ажалы тіршілік нәрінен болған. «Осы мерзім ішінде 29 өрт шығу фактісі тіркелді. Петропавл қаласындағы көпқабатты үйде бір пәтер қызыл жалынға оранып, 10 адамды қауіпсіз аймаққа шұғыл түрде шығаруға тура келді. Бір автокөлік жанып кетті. Мұның бәрі адамдардың немқұрайдылығынан кезігетін оқыс жайттар», дейді департаменттің бас маманы Евгений Журавлев. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.