08 Мамыр, 2015

Петропавлда Отан қорғаушы күні кеңінен атап өтілді

418 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
08.05.2015 SKOПЕТРОПАВЛ. 8 мамыр. Облыс орталығында осымен 23-ші рет тойланған Отан қорғаушылар күні ерліктің пен елдіктің жоғары қасиетті белгісі ретінде жұртшылықтың белсене қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл туралы egemen. kz тілшісі хабарлады. Әсіресе, өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизм сезімдерінінің жоғары үлгісін қалыптастыратын маңызды шара қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан қорғауға тізе қосып аттанған қос баһадүр – Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұл рәсім өтелгеннен кейін қарақұрым көпшілік   сап түзеген бойы Қазақстан Конституциясы бойымен жылжи отырып, орталық алаңға келді. Мұнда LED экраны арқылы Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған мерекелік тілегі, Республика Қарулы Күштерінің ең үлгілі құрылымдарынан жасақталған әскери шеру тамашаланды. 08.05.2015 SKO-1«Отанға қызмет етемін!» шаралар бағдарламасын облыс әкімі Ерік Сұлтанов ашып, солтүстікқазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады. Елбасы атынан соғыс және тыл ардагерлері Садықан Қазбаевқа, Петр Языковқа «Құрмет» ордендерін салтанатты жағдайда табыс етті. Ұлы Жеңіске санаулы күндер қалғанда 92 жасында көз жұмған Жұсыпов Ерденбай ақсақалдың мемлекеттік марапатын ұлы Еркін қабылдады. 4 ардагер «Ерен еңбегі үшін» медаліне, екі ардагер Құрмет Грамотасына ие болды. Отан алдындағы мүлтіксіз еңбегі, қызметтегі жоғары көрсеткіштері, жеке тәртіптілігі үшін 20 әскери қызметкерге аймақ басшысының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тарту етілді. «Жеңіс» саябағында аяқдоп және волейбол шеберлері күш сынасса, И. Шухов атындағы орталық кітапханада «Қазақстанның ержүрек ұлдары» атты ерлік сағаты өтті.  «Дәстүрлер сүрлеуімен» тақырыбындағы тарихи экскурс та танымдылығымен есте қалды. Отан қорғаушы күні одан әрі «Желбіре, Жеңіс жалауы!» әдеби-сазды композицияға ұласып, жергілікті көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz