08 Мамыр, 2015

Облыста 2 443 жаңа жұмыс орны ашылды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.05.2015 Pav-4ПАВЛОДАР.  8 мамыр. Облыста жыл басынан бері 2 443 жұмыс орны ашылды. Олардың 1540-ы ауылдық жерлерге тиесілі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жұмыс орындарының 1871-і тұрақты, оның ішінде ауылда 1028 адам жұмысқа орналасқан. Облыста 1-сәуірден 1-мамырға дейінгі аралықта 933 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл шаруашылығы саласында - 372, өндіріс осаласында - 93, құрылыста - 713, көлік қызметінде - 78, сауда саласында - 313 тұрақты жұмыс орындары істеп жатыр. Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы көрсеткіш 54-ке жетіп отыр. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz