08 Мамыр, 2015

Қазалы ауданында 11 Жеңіс стелласы бой көтерді (фото)

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20150506_113159АСТАНА. 8 мамыр. Қызылорда облысы Қазалы ауданының Басықара ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы салтанатты түрде ашылды. Оған ауыл тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Пірназар Мырзатаев та қатысты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Салтанатты шарада аудан әкімі Бахыт Жаханов жиналғандарды Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, халқымыздың даңқты ұл-қыздарының қан майдан мен тылдағы өшпес ерлiгi ешқашан ұмытылмайтынын айтты. Жалпы, биыл Қазалы ауданының бірқатар ауылдарында осындай ескерткіштерді жасау және қайта жаңғырту үшін 100 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Нәтижесінде 11 ауылдық округте жаңадан «Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы бой көтеріп, алаңдар мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz. 00 IMG_0024 20150506_110903 20150506_110927