08 Мамыр, 2015

Ислам Каримов 8 мамыр күні Мәскеуге барады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-05-15-islam_karimov-1

АСТАНА. 8 мамыр. Өзбекстан президенті Ислам Каримов бүгін Мәскеуге сапар шегеді. Бұл туралы 24UZ хабарлады. УзА агенттігінің хабарлағанындай, Өзбекстан президенті Ислам Каримов Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруы бойынша 2015 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласына сапармен барып, Екінші дүниежүзілік соғыстағы фашизмді  жеңудің 70 жылдығына арналып өткізілетін ТМД елдері басшыларының кездесуіне қатысады. Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында Ислам Каримовтің Ресей астанасына келмейтіні, мұның орнына республикалық Еске алу және құрметтеу күнін атап өтуге арналған шараларға қатысатыны айтылған болатын. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: 24UZ.