08 Мамыр, 2015

Ақтауда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды (видео)

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-05-2015-aktau kolik 01АСТАНА. 8 мамыр. Ақтауда полиция қызметкерлері той көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салды «Гелендваген» және Toyota Land Cruiser маркалы алты көліктен құралған той кортежінің заңсыздығы 2 мамыр күні бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы lada.kz хабарлады. Үш жолақты жолда той көліктері өзге жүргізушілердің жолын жауып тастап, мұнысымен қоймай, бірнеше рет жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Есірген жүргізушілердің көшенің тыйым салынған тұсынан бұрылғаны да бейнетаспада анық көрінеді. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз жетекшісі Әлия Шермағамбетованың мәлімдеуінше, кортежді полиция қызметкерлері тоқтатқан. Бірнеше заңсыздыққа жол берген екі жүргізуші жүргізушілік куәлігінен айырылуы әбден мүмкін. «Көбіне жүргізушілер полиция қызметкерлерін тойдың берекесін кетірді деп айыптап жатады. Ал шындап келгенде, мерекенің мәнін кетіретіндер жол ережесіне бағынбайтын жүргізушілердің өздері. Себебі, полиция қызметкерлеріне рөлде кім отырғаны маңызды емес. Жүргізушілердің әлеуметтік дәрежесі, оның қаржылық жағдайы мен байланыстары да ештеңені өзгертпейді. Заң алдында бәрі бірдей!», – дейді Әлия Шермағамбетова. Маңғыстау облыстық шкі істер департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда, бейнебақылау камералары және бейне тіркегіштердің көмегімен полиция қызметкерлері жолдағы заңсыздықтарды жиі тіркеп, оларға тез шара қолдана алады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: lada.kz.