20 Наурыз, 2015

Ел тағдыры бейжай қалдырмайды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мунаймаш по президенту-010Мұнаймаш» АҚ-та өткен жиын­да сөйлеушілер тарапынан нақты ұсыныстар айтылды. Бас­­­қосуды зауыт басқар­ма­сы төр­­аға­сының орынбасары Сер­гей Еро­феев ашып, кәсіп­­орында жұмыс істейтін 1 мыңға жуық жұмысшы-қыз­мет­кер­лерді үстіміздегі жыл­дың 26 сәуі­ріне белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға бір кісі­дей қатысуға шақырған үндеу тастады. Ал «Нұр Отан» партия­сы облыстық филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасары Артур Молдағұлов өз сөзінде: – Зауыттағы әр маман өз ісін жауапкершілікпен атқарады. Ал бұл, біріншіден, өнімнің сапасын арттыруға, екіншіден, сұраныстың молаюына оң ық­пал ететін үдерістер. Бұл орайда, әрқайсымыздың басты құнды­лық­тарымыз – тәуел­сіздікті, тұ­рақ­тылықты, бейбіт­шілік пен Қазақстанның өсіп-өркендеуін, елдің дамуын және болашаққа деген ұмтылысын сақтауға өз үле­сімізді қо­суымыз керек. Мұның өзі ел тағ­дырына ешкімнің бейжай қа­ра­майтынын аңғартады, – деді ол. Жиында еңбек ардагері Гри­горий Кухарь, “Есіл су” РМК ди­ректоры Серік Ысмайылов, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева, кәсіпорынның кәсіподақтар ұйы­мының жетекшісі Нина Овсянкина сөз алып, сайлауға бір кісідей қатысу саяси белсен­ділікті, нақты ұстанымды таныта­тынын мәлімдеді және барлық әріптестерін 26 сәуір күні сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдау­ларын жасауға шақырды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы. Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.