20 Наурыз, 2015

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
001 Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын Қа­зақ­стан-Беларусь қарым-қатына­сы­ның негізгі мәселелерін талқы­лады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко халық­аралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі­жақты ынтымақтастық аясында ел­деріміз қол жеткізген барлық уағдаластықтар табысты орындалып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы екі елдің көптеген бірлескен кәсіп­орындары жұмыс жүргізіп жат­қанына назар аудара келіп, бұл істің алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Беларусь Президентінің Украина дағдарысын реттеу ісіндегі үлесіне тоқталып өтті. – Орын алып отырған тайта­ластың ешкімге пайда бермейтіні жөніндегі біздің ұстанымдарымыз толығымен үндеседі, – деді Мем­лекет басшысы. Қазақстан Президенті үш мемлекет басшысының алдағы кездесуі ынтымақтастықтың қазіргі кездегі өзекті және перспективалық мәсе­ле­лерін талқылауға мүмкіндік бере­тінін айтты. А.Лукашенко өз кезегінде екі­жақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылды бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Беларусь Президенті Қазақ­стандағы алда тұрған Президент сай­лауының жайына тоқталды. – Қазақстан халқы Сізге зор іл­типатпен және ерекше жылы­лықпен қарайтынын білемін. Біздің де Сізге деген көзқарасымызды бі­лесіз. Біз Сізге тілекшіміз және жеңіс тілейміз, – деді А.Лукашенко.