19 Наурыз, 2015

Солтүстік Қазақстанда кембағал жандар далада қалатын түрі бар

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.03.2015 invalidterПЕТРОПАВЛ. 19 наурыз.  Қызылжар ауданына қарасты Большая малышка ауылында бір үйді паналап жүрген 20 адам   қайда барарларын білмей әуре-сарсаңға түсіп жүр. Бұл туралы  egemen тілшісі хабарлады. Кезбе және жарымжан адамдар бұл елді мекенді  бір жылға жуық қоныс етіп келген.  Оларды осында облыс орталығындағы қайырымдылық қорларының біріне жетекшілік ететін  Денис  Насретдинов орналастырыпты. Біразының  құжаттарын түгендеп, кейбірінің отбасыларына оралуына  жәрдемдесіпті.  53 жастағы  Сергей Лысенко–бірінші топтағы мүгедек. Осыдан біржарым жыл бұрын жол апатына ұшырап, екі  аяғын кесуге тура келген.  Далада қаңғып жүрген жерінен Денис қолынан жетелеп әкеліпті. «Бұл үйді Денис бір танысынан  сұрап алып, бәрімізді орналастырған болатын. Ол адамгершілігіне рахмет! Енді  баспананың заңды иесі басқа біреуге  сатып жіберіп, шық-шықтың астына алып жатыр. Бір-бірімізге әбден бауыр басып, тәртіпке де, тазалыққа да үйреніп қалған едік. Алда не күтіп тұрғанын білмейміз. Баяғы  қаңғыбастық таз қалпымызға қайтадан түсетін шығармыз»,–дейді Сергей налып. Араларында баға-шағаларымен қауышқандары бар. Алайда, 8 мүгедек,  4  кезбе жанның  келешек тағдыры белгісіз. Бұлар бір шаңырақ астында  арақ ішпеуді,  темекі тартпауды өмір салтына айналдырған.  Тіпті  бір кәсіпкер екі торай сатып әперіп, қосалқы шаруашылықпен айналысуға да ден қойған. Табиғаты әсем елді мекеннен баспана сатып алуға жағдайлары жоқ міскін жандар  жергілікті билікке қарайлайды. Олар болса,  демеушілер табылып қалар деп үміттендіріп  қояды. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz Сурет: egemen.kz